Іс-шара барысында қатысушылар туристік саланың сапасы мен тұрақты дамуына әсер ететін негізгі аспектілерді, оның ішінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік объектілердің инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымының жай-күйі, көлік қолжетімділігі, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.
Талқылау аясында туристік саланың дамуына кедергі келтіріп отырған өзекті проблемалық мәселелер айтылып, оларды шешудің ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және нормативтік шараларды қамтитын мүмкін жолдары ұсынылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көтерілген барлық проблемалық мәселелерді жүйелеу және оларды әрі қарай қарау мен тиісті шешімдер қабылдау үшін орталық мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.
Осындай іс-шараларды өткізу келісілген тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етеді және туристер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ өңірдің туристік саласының тұрақты дамуына бағытталған.
Іс-шараға келесі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты:
1. Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
2. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті;
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті;
4. Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы;
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті;
6. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.