Кейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді

Кейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012 КО ТР), «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайға әкелуге және сатуға тыйым салынды.
Осылайша, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау сатып алу жүргізу және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ, шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуының жарамсыз мекенжайлары көрсетілген, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында анықталды.

Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының импорты мен сатуына тыйым салынды:
- «Апамның шәйі Premium gold», «Орда Кения», «Аль-Кайрат», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:
- «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
- «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
- «Alfarah», өндірушісі қаптамада көрсетілмеген.
Комитеттің сайтында сілтеме бойынша уақытша санитарлық шараларды енгізу туралы ақпарат жарияланған.