Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімі бас маманының м.а. А.Тоқтарқановамен, Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламент талаптарының сақталынуын және білім беру, тәрбие, тамақтану нысандарын бақылау бөлімі басшысының м.а. Н.Канапияновпен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Фастфудпен өмір жеңіл, бірақ ұзақ емес» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара «Салауатты университет» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты- жастар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, зиянды тағам тұтынуына қатысты ақпараттандыруды арттыру және созылмалы аурулардың алдын алу. Іс-шара барысында студенттерге фастфуд пен дайын снэктердің ағзаға әсері, артық қант, тұз және трансмайлардың денсаулыққа тигізетін зияны, сондай-ақ дұрыс тамақтанудың базалық қағидалары түсіндірілді.
Семинарға университеттің 97 студенті қатысты. Атап айтқанда:
1. Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі,
2. Бизнес мектебі,
3. Халықаралық инженерия мектебі,
4. Архитектура, құрылыс және энергетика мектебі,
5. Жер туралы ғылымдар мектебі,
6. Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT колледжі студенттері.
ШҚО СЭБД алдағы уақытта да оқу орындарымен бірлескен ағарту жұмыстарын жалғастырады.