Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК кәсіпорындар қызметкерлерінің арасында созылмалы аурулардың алдын алуға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар айлығы шеңберінде 17.11.2025 жылы Шығыс Қазақстан облысы аумағында (Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының Диагностикалық орталығы базасында) гибридтік форматта (онлайн, Zoom-конференция арқылы және офлайн) «Салауатты өмір салты: өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда «Салауатты жұмыс орындары» жобасы да талқыланды.
Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу әдістері жайлы, қауіп-қатер факторлары туралы хабардар болуын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруды қалыптастыру,сондай-ақ «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру болып табылды.
Семинарға өндірістік нысандар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық Басқармалардың мамандары қатысты, 80 қатысушы.
Семинар барысында спикер (ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК гигиена және денсаулық департаменті инфекциялық емес аурулардың қауіп-қатер факторларын басқару бөлімінің бас маманы Тұрғұнова Диана Талғатқызымен) толық жауаптар берілді.