Жаңа тағайындау туралы

Жаңа тағайындау туралы

Тоқтамұратова Назерке Асылбекқызы
1998 жылы 8 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маман қызметін абыроймен атқарды.
2025 жылғы 30 қазан күні Назерке Асылбекқызы өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Аталған бөлім облыс аумағындағы өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті нысандардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін тәуекелдерді бақылау және алдын алу бағытында жұмыс жүргізеді.
Әріптесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберлігіңіз табысқа жетелей берсін!