Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау - адал қызметтің кепілі

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау - адал қызметтің кепілі
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Чидербаевтың төрағалығымен семинар өткізілді.
 
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту мәселелерін талқылау болды.
 
Семинар барысында қатысушыларға:
•мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық қағидаларының маңызы;
•қызметтік әдеп кодексінің талаптары;
•сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің қоғам мен мемлекет мүддесіне адал, әділ және бейтарап қызмет етуі, сондай-ақ қызметтік этиканы сақтауы – мемлекеттік аппараттың беделін арттырудың басты кепілі екенін атап өтті.
 
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге өз іс-әрекеттерінде ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын ұстану қажеттігі туралы ұсыныстар берілді.