Медицина қызметкерлері, Мемлекеттік қызметшілер және Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай марапаттар табысталды
Кәсіби мерекелер – Медицина қызметкерлері күні, Мемлекеттік қызметшілер күні және Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай бірқатар сала мамандарының еңбектері еленіп, олар түрлі марапаттарға ие болды.
Марапат иелері денсаулық сақтау саласындағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби адалдығы, мемлекеттік қызметке сіңірген еңбегі және қоғамдық сана қалыптастырудағы белсенділігі үшін алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, сондай-ақ ведомстволық наградалармен марапатталды.
Бұл марапаттар – әр сала мамандарының тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нақты бағасы болып табылады.