25 маусымда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында Шығыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбие беру объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Б. Дырымбаева және бас маманы А. Көкебаева, ШҚО Білім басқармасының, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің, ШҚО полиция департаментінің мамандарымен бірлесіп балалардың жазғы демалысын және қосымша білім беру нысандарын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүргізу кезінде сақталуы міндетті нормативтік талаптарды талқылау бойынша өткізілген семинар-кеңеске қатысты.
Семинар-кеңес барысында департамент мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын және тамақтан уланудың алдын-алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.