Семинар өткізу туралы

Семинар өткізу туралы

 

Ағымдағы жылдың 18 маусымында ШҚО бойынша ҰКП «Атамекен» өңірлік кәсіпкер палатасы базасында ШҚО СЭБД өкілдері тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Г.С.Калибасова және тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Н.Ю.Шақантаева, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және техникалық инспекция бөлімінің басшысы Ж.Н.Абдилдиновамен және ШҚО бойынша ҰКП «Атамекен» өңірлік кәсіпкер палатасы басшысының орынбасары А. А. Жәңгірханованың қатысуымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №950 қаулысымен бекітілген «2025–2026 жылдарға арналған салауатты тамақтануды ілгерілету шараларын іске асырудың» іс-шаралар жол картасының 2.2.2 тармағы «Нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту, тұзсыз нан шығару мақсатында әкімдіктер мен өндірушілер арасында келісім жасау мәселесін пысықтау» орындау бойынша семинар өткізілді.
Семинарда Қазақстанда тұзды тұтыну жағдайы бойынша, тұзды тұтынуды азайту бойынша ұсынылған саясат шаралары бойынша мәселелер қаралды, тұзды тұтыну бойынша жүргізілген зерттеулер ұсынылды және мемлекеттік органдар мен нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіретін өкілдермен сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар қастысушылырына әкімдіктер мен өндірушілер арасындағы нанның және нан-тоқаш өнімдерінде тұз құрамын төмендету, сондай-ақ тұзсыз нан шығару мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы серіктестік келісімінің жобасы ұсынылды.