2025 жылғы 13 маусымда Астана қаласында, Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «Өз ісінің үздігі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 17 номинация бойынша өткізілді. Жеңімпаздар қатарында еліміздің түрлі өңірлері мен қызметтерінде еңбек ететін әртүрлі саланың мамандары – дәрігерлер, акушер-гинекологтар, хирургтер, фармацевтер, оқытушылар, санитариялық дәрігерлер және басқалар бар:
* «Үздік стационар дәрігері» – Смаилов Совет Сляммуратұлы (Павлодар облысы);
* «Үздік шұғыл көмек дәрігері» – Тажибекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қ.);
* «Үздік бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігері» – Бакбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);
* «Үздік ауыл дәрігері» – Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);
* «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер» – Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қ.);
* «Үздік акушерка» – Каженова Маржан Тынышқалиевна (Батыс Қазақстан облысы);
* «Үздік стационар медбикесі» – Тлеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы облысы);
* «Үздік бастапқы медициналық-санитариялық көмек медбикесі» – Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола облысы);
* «Үздік ауылдық медбике» – Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);
* «Үздік фельдшер» – Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе облысы);
* «Медициналық ЖОО-ның үздік оқытушысы» – Қожанова Қалданай Қаржауовна (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ);
* «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» – Жұмаділова Мәдина Сембайқызы (Жетісу облысы);
* «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым» – Жәкіпбеков Қайрат Сапарханұлы (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ);
* «Денсаулық сақтау саласының үздік менеджері» – Әмрин Сәкен Өмерсерікұлы (Солтүстік Қазақстан облысы);
* «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер» – Пивоваров Евгений Иванович (Шығыс Қазақстан облысы);
* «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама бойынша үздік маман» – Рахимбаева Алмагүл Қалиевна (Алматы қ.);
* «Үздік провизор» – Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).
Салтанатты рәсім барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сала үздіктеріне дипломдар мен сертификаттар табыс етті.
Байқау жеңімпаздарына 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде көтермелеу төлемі беріледі.