Құрметті ата-аналар, бұл мақала Сіздерге арналған. Жазғы демалыс қарсаңында көптеген ата-аналарда ұзақ жазғы демалыс кезінде балалар қайда болады деген сұрақ туындайды.
Осы орайда барлығын қызықтыратын көптеген сұрақтар балаларды сауықтыру ұйымдарындағы (бұдан әрі-ЖСҰ), демалу жағдайлары қаншалықты қауіпсіз, балаға қызықты әрі жайлы бола ма. Балалар лагерін таңдағанда, ата-аналар бағаға ғана емес, сонымен қатар орналасқан жері, лагерь бағдарламасы, баланың бейімділігі, лагерь туралы пікірлер сияқты факторларға негізделеді.
Лагерлердің орналасқан жері мен бағытына қарай: қала сыртындағы сауықтыру лагерлері, күндізгі болу лагерлері (мектептер жанында), туристік, бейіндік және т. б. болып жіктеледі.
ЖСҰ-ның басты міндеті-балалардың толыққанды қауіпсіз демалысын ұйымдастыру, олардың сауығуына жағдай жасау.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде 10 қала сыртындағы және 1 жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдарының базасында балаларды сауықтыру жоспарлануда.
Сауықтыру ұйымдарын ұстауға қойылатын талаптар 05.04.2023ж өзгерістер енгізілген ҚР ДСМ 2022 жылғы 10 тамыздағы № 78 «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығымен бекітілген Санитариялық ережелерімен регламенттелген.