Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 23 қарашадағы № 24-3 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 24-3

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы  23  қараша                                                           Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы, 2020 жылғы 17 қарашадағы  шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62;                  «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы, іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы- 17,1%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,96, ШҚО CОVІD-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» жатқызылғанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасы, 2-тармағының 3)-тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 24 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше шарттарымен 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 08 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін».

2) 8 тармақтың 8.2 тармақшасының 10) тармақшасы Риддер қаласы, Глубокое және Алтай аудандары үшін сақталсын;

3) 8-тармаққа мынадай редакциядағы 8.4-тармақша қосылып жазылсын:

«8.4 Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі апта күндері бойынша шектеусіз, сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.

Ғимарат ішінде орналасқан азық-түлік базарларының және ғимараттан тыс және ішінде орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілсін және демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері тыйым салынсын».

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х. Илюбаев

Дата публикации
24 ноября 2020