Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 19 қарашадағы № 24-1 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 24-1

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы  19  қараша                                                           Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

         Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын;

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы,2020 жылғы 17 қарашадағы  шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62;                  «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

2020 жылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында оқушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының 477 жағдайы: оның ішінде 125 оффлайн режимде оқитындар арасында немесе 26%, онлайн режимде 352 немесе 74%, сондай-ақ мұғалімдер арасында-108 жағдай тіркелгенін;

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы- 17,2%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–1,01, ШҚО CОVІD-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» жатқызылғанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасы, 2-тармағының 3)-тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 24 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1). 4-тармақ 5) тармақшамен толықтырылып келесі редакцияда жазылсын:

5) облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуі;

2). 5-тармақтың 6)-тармақшасы алынып тасталсын;

3). 8.1-тармақтың 1)-тармақшасындағы үшінші абзацтағы «білім беру объектілері» деген сөз тіркесі алынып тасталсын және мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, мектепке дейінгі тәрбие объектілеріне, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуы отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істейді»;

4). 8.2-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын.

5). 9-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік субъектілер:

алдын ала жазылу бойынша, келушілер үшін күту бөлмесі/залы жабық болған кезде: автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері, ЖҚС;

жеке қызмет көрсетумен (бір клиентке): ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды,  химиялық тазалауды, кір жуу орындарын, фотосалондарды жөндеу объектілері, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кететін тағамдар)»;

6). 17-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда) қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтасын (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда)».

7). 19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Жеке тұлғалар:

1) маскалық режимді сақтауды қамтамасыз етсін:

Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды:

- ашық ауада (көшеде, үйден тысқа шыққанда), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында;

- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде;

 -қоғамдық көлікте, соның ішінде таксиде;

- COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) немесе ПТР немесе жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.

1-1) кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтау:

- отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда не қызметіне рұқсат етілген объектілерде болған және жүріп-тұрған кезде.

Халықтың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кимеуі келесі жағдайларда жауапкершілікке әкеп соқтырмайды:

- 5 жасқа дейінгі балаларға;

- жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 адамнан аспаған жағдайда;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда;

- өкпенің созылмалы аурулары бойынша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА); өкпенің созылмалы спецификалық емес аурулары (ӨССА): өкпенің эмфиземасы, бронх демікпесінің ауыр түрлері, созылмалы облитерациялайтын бронхиолит, бронхоэктатикалық ауру, муковисцидоз, биссиноз және т. б.; декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) және басқалары) растайтын құжаттары болған кезде,

- жеке көлікте (жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен);

- елді мекеннен тыс жерлерде (табиғатта) жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен;

- заңнамада тыйым салынбаған жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде».

8). 19-тармақ 7) тармақшамен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын:

«7) COVID-19 диагнозы расталған адамдар, COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупі жоғары адамдар ретінде:

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатқа қол қоюға, алуға және үй карантині талаптарын сақтауға;

- карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтауға;

- карантин жағдайында болған кезінде инфекцияны жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға;

- медициналық қызметкерлердің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге;

- жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

- өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін дереу хабардар етуге (карантин кезеңінде 14 күн);

- мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын немесе қаулыларын өз құзыреті шегінде орындауға;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинінде болу мониторингісін қашықтықтан сақтауға;

- қаулылардың талаптарын сақтауға міндетті».

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2020 жылғы 21 қарашадан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х. Илюбаев

Дата публикации
20 ноября 2020