Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың

алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы

№ 24

ҚАУЛЫ

 

2020 жылғы 10 қараша                                                    Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Г.Ж. Тагаева, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62;                  «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы- 20%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–1,37, ШҚО CОVІD-19 коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл аймаққа» жатқызылғанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 - бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2 - тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 11 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері:

1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтау;

2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асыру;

3) Халыққа жеке меншік үйлер мен құрылыстарда сонымен қатар жалға алынған үйлер мен құрылыстарда корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілмеуіне бақылауды қамтамасыз ету;

4) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жалғастыру;

5) пәтер иелерінің кооперативі, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:

- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізу және ылғалды жинау;

- аула және балалар алаңдарының аумақтарына күнделікті жинауды жүргізу барлық жабдықтарды, шағын сәулет нысандарын балалар алаңдары мен оларға іргелес аумақтарды кестеге сәйкес дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялық өңдеу;

- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыру;

6) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайту;

7) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимараттар үй-жайларында, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру.

  1. Өскемен, Курчатов қалаларының, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:

1) Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 15 санитариялық бекеттің жұмысы жалғастырылсын: Алматы (3 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы «Ауыл», «Уба», (Шемонаиха ауданы-1 бірлік, Бородулиха ауданы - 1 бірлік) автоөтпелері және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес 2020 жылғы 10 қарашадан бастап «Бақты», «Майқапшағай» (Үржар ауданы-1 бірлік, Зайсан ауданы–1 бірлік) өткізу пункттерінде Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына кіруді/шығуды бақылау үшін 2 санитариялық бекеттің жұмысы қамтамасыз етілсін.

Санитариялық бекеттердің жұмыс істеу режимі мен мерзімдері COVID-19  коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін;

2) осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Бұл ретте, облыс орталығына келуін қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілсін;

3) осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдар санатына санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен жағдайда) рұқсат берілсін.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттер арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;

5) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған кезде (респираторлы белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;

7) күдікті адамға жедел медициналық жәрдем машинасы келгенге дейін медициналық маска беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін.

  1. Мыналарға:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;

2) ойын-сауық мекемелерінің жұмыс істеуіне (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер, фудкорттар);

3) облысішілік автобустардың (Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Опытное поле және Ушанов ауылына, Белоусовка кентіне қызмет көрсететін маршруттарды қоспағанда), облыс аудандары мен қалалары арасында шағын автобус және өзге де жолаушылар тасымалының, сондай-ақ автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушылар көлігінің өзге де кәсіпорындарының жұмыс істеуіне;

Бұл ретте санитариялық бекеттен өту кезінде аталған маршруттардың қоғамдық көлік құралдарының жүргізушілері «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген белгіленген үлгідегі куәлікті (хабарламаны), жол парағын, қозғалыс кестесін көрсетеді.

4) Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізген кезде аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуге ҚР БМСД 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145 бабына сәйкес тыйым салу сақталсын.

  1. Өскемен қаласында шектеу сақталсын, ал Риддер қаласы; Алтай ауданының Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұхтырма кентінде мыналардың жұмыс істеуіне тыйым салу енгізілсін:

1) кинотеатрлар;

2) моншалар, сауналар;

3) бассейндер;

4) театрлар;

5) мәдениет объектілері, кітапханалар, мұражайлар;

6) фитнес-орталықтар және спорттық-сауықтыру орталықтары, жаттығу  залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары.

  6 Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтаған кезде халықтың көшелерде және скверлерге, саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, серуендеу аймақтарына бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топпен жүріп-тұруларына сондай-ақ ашық ауада жеке және топтық (5 адамнан аспайтын мөлшерде) жаттығу жасауға рұқсат етілсін.

  1. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған) жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда және медициналық ұйымдарда қызметкерлерді және пациенттерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау), карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық режимнің күшейтілуі жалғастырылсын.

Әлеуетті ата-аналар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру арқылы теріс нәтижелерін алған күннен бастап 3 күннен аспаған құжатты ұсынған кезде балалар үйлеріне жетім балалармен кездесу үшін, оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.

ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру арқылы теріс нәтижелерін алған күннен бастап 3 күннен аспаған құжатты ұсынған кезде медициналық-әлеуметтік объектілерге Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының баруына рұқсат етіледі.

  1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген санитариялық ережелерді, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгі салғанда, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін мыналар үшін келесі қызмет тәртібі белгіленсін:

8.1 жұмыс режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қызметін шектей отырып:

1) қоғамдық тамақтану объектілері:

- көпшілік, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50% - нан асырмау,

Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады;

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, білім беру, мектепке дейінгі тәрбие объектілері, медициналық мекемелер, туризм және халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) үшін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50% -ынан асырмай тамақтануды ұйымдастыру үшін жұмыс істейді;

2) меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары):

- көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамнан аспайтын мөлшерде) және топтық (қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын мөлшерде) жаттығуларды өткізу үшін;

3) фитнес-орталықтар/клубтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, СПА орталықтар/салондар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері:

- толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 5 м2-тан кем емес болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір адамға 5 м2 қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша.

8.2 жұмыс режимі сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қызметін шектей отырып:

1) Азық-түлік сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, СОО), осыларда орналасқан дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерін қоспағанда:

сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м2 астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 м2 кем емес болған жағдайда жол беріледі;

- шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік сатпайтын  сауда объектілері демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері объектіні келушілер үшін жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады;

2) сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар (салондар және т. б.), массаж және татуаж косметологиялық қызметтер, көрсететін объектілер:

- 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2, алдын ала жазылу бойынша;

3) байланыс объектілерін және халыққа қызмет көрсету жөніндегі басқа да объектілерді жөндеу жұмыстарымен айналысатын қызметтерді қоспағанда, автожуу тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу және фотосалондар, абоненттік бөлімдер халыққа қызмет көрсету бойынша басқа да объектілер;

4) моншалар, сауналар:

- бассейндердің (жеке форматта, су айнасының бір адамға 5 м2 есебінен), бір келушіге ауданы 4 м2 кем емес және толтырылуы 50% аспаған жағдайда;

5) балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары:

- топтың толтырылуы 15 адамнан аспаған кезде және алдын ала жазылу бойынша;

6) театрлар:

- толтырылуы 50% дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде залдағы адамдар саны 100-ден аспағанда;

7) мәдениет объектілері:

- 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар;

8) кітапханалар, мұражайлар.

9) тәулік бойы (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жерасты позициялау және т.б.) мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды қоспағанда, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, қызметтер: адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т. б.).

10) азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар (жабық және ғимараттардан тыс):

- 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2, толтырылуы 30%  аспаған  кезде;

8.3 жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер, қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маска киюлері шарт.

  1. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгі салғанда, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін бұрынғы қолданыстағы жұмыс режимі сақталсын:

1) Азық-түлік сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері)  дәріханалар мен дәріхана бөлшек сауда желісі:

-сауда залының ауданы 50 м2  дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м2 дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м2 астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай  және  1 келушіге ауданы 4 м2 кем емес болған жағдайда жол беріледі;

2) медициналық орталықтар, стоматологиялар:

- алдын ала жазылу бойынша;

3) туризм объектілері және халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.);

-толтырылуы 80%-дан аспаған жағдайда;

4) діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.)

-жеке, белгіленген талаптарды сақтай отырып және бұқаралық, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бір келушіге кемінде 5 м2 алаңды қамтамасыз ете отырып және сол жерде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс істеуіне тыйым салу;

5) мектепке дейінгі балалар ұйымдары:

- 15 адамнан аспайтын кезекші топтар;

6) білім беру ұйымдарында кезекші сыныптары мектепалды, 1-5 сыныптарда білім алушылар үшін және 5-тен 300 адамға дейінгі контингенті бар білім беру ұйымдары:

- ата-аналардың өтініші бойынша, 15 баладан аспайтын сыныптардың жиынтығын сақтаған кезде;

7) ЖҚС, өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері және тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар.

  1. Санитариялық ережелер мен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған кезде:

1) Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚО жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) және сенбі күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін шектеу;

2) «Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелерінің жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, қызметті барынша онлайн-форматта көрсету;

3) Қаржы секторы субъектілері (екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) және ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығының талаптарын сақтау;

4) мектептерде кезекші сыныптарды қоспағанда қашықтықтан оқыту форматы;

5) тікелей режимдегі кеңестер (отырыстар) (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

6) ұлттық құрама, клубтық командалар үшін бір мезгілде 30-дан аспайтын мөлшерде  адамдарды жинаумен  спорттық жаттығулар өткізу;

7) Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) бір мезгілде 100-ден аспайтын мөлшерде адамдарды жинаумен, көрермендердің қатысуынсыз (бос мінбелерде) өткізу;

8) облыстық командаларды дайындау үшін бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде, көрермендердің қатысуынсыз (трибуналар бос болған кезде) оқу-жаттығу жиындарын өткізу.

9) ауыл шаруашылығы, және азық-түлік жәрмеңкелерін ашық ауада өткізу жалғастырылсын.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жұмысты жалғастырсын және:

1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік  қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейтуді және халыққа байланыссыз термометрия жүргізуді;

2) учаскелік қызметтің жұмысын баянаттар мен материалдарды ресімдей отырып, кейіннен материалдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға тапсыра отырып, жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу, қайырмалдықтар және т. б.) анықтауға бағыттауды;

3) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

4) карантиндеу орындарын күзетуді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы:

1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын;

2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын;

3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін.

4) үй карантині кезінде қашықтықтан бақылау үшін мобильді қосымшаны және басқа да  мобильді қосымшаларды пайдалану ұсынылсын.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) InfoKazakhstan.kz сайттында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

4) шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін, кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін, уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында InfoKazakhstan.kz сайттын пайдалануды;

5) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);

6) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) мобильді мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) халықтың елді мекендерде, ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте жүріп-тұру кезінде санитариялық –профилактикалық, санитариялық – профилактикалық шектеу шараларын соның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтсін;

3) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын;

4) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалар/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б.):

- карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы;

- қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселелер бойынша адамдардың сауаттылығын арттыру;

- енгізілетін санитариялық талаптар және  бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы;

- қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария етуі;

- адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу;

5) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандыру;

6) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отыру.

  1. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің жұмыс берушілер мыналардың орындалуын және :

1) республиканың басқа өңірлерінен, облыстардан вахталық ауысымға шығуды жоспарлайтын жұмыскерлердің жұмыс орнына шығудан бес күн бұрын, жұмыс берушінің қаражаты есебінен CОVІD-19 зертханалық тексеруден өтуін;

ПТР тестілеуінің оң нәтижелері бар қызметкерлерге вахтаға шығуға тыйым салынады. Олар медициналық ұйымдарға бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етіп, жедел медициналық көмекті (мобильді топты) 103 нөмірі бойынша үйге шақыруы керек;

2) қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін кәсіпорынның медицина қызметкерлері қызметкерлердің жалпы жағдайын тексеріп, CОVІD-19 зертханалық ПТР тексерудің теріс нәтижесінің бар-жоғын тексеріп, қызметкерлердің орталықтандырылған жинау арқылы жүзеге асырылуын;

3) CОVІD-19 зертханалық тексеруді куәландыратын құжаты жоқ адамдардың жұмысқа және вахтаға шығуына жол берілмеуіне бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                   05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерге сәйкес және басқа да НҚА және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілердің санитариялық-эпидемиялогиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;

2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;

3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;

4) 65 жастан асқан қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің) қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу түрі сақталсын (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда).
  2. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханаларға:

1) ҚДСҰО ҒПСЭСМ филиалымен бірлесіп міндетті түрде сапаның сыртқы бағалауын жүргізу (ретестациялау, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіби тестілеу);

2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес үш орамның талаптарын сақтай отырып, бекітілген нысан бойынша ілеспе жолдамаларымен бірге сынамаларды ретестілеуге ҚДСҰО ҒПСЭСМ ай сайын жеткізуді қамтамасыз ету;

3) ШҚО ТКҚСҚБД, оның қалалары мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) тегі бойынша тізімдер мен хабарламаларды ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларына (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсыну.

  1. Жеке тұлғалар:

1) елді мекендерде, қоғамдық көлікте және үйден (пәтерден) кез келген шығу кезінде маскалық режимнің және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда).

Бұл ретте жабық үй-жайларда, көлікте, дені сау адамдарға, егер олар коронавирустық инфекциямен ауыратын науқасқа көмек көрсетсе, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның белгілері бар (дене қызуының жоғарлауы, ентігу немесе жөтел) немесе ПТР немесе жедел тестілеудің оң нәтижелері бар азаматтарға маскасыз болуға тыйым салынады; қолғапты қолдану ұсынылады;

2) денсаулық жағдайының миниторингісін:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуді;

- КВИ ауруы, КВИ-ны жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді;

3) жаппай отбасылық салтанатты және еске алу шараларын оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын;

4) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде (негізінен отбасы мүшелері) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық жиналуына жол бермеуін;

5) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын;

Үйден дәріханаларға шығуға, жұмысқа (жұмыс істейтіндер үшін), төлемдер, зейнетақы және т. б. алу үшін мекемелерге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, жақын маңдағы жұмыс дүкенінен сатып алу үшін, үй жануарларын серуендеуге, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа басқа тікелей қауіп төнген жағдайда» рұқсат етіледі.

6) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, кез келген жағдайдың нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Теміржол және авиакөлік объектілерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес жүргізіледі.
  2. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  3. -«Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шектеу және карантиндік шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 23,

-«Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 29 қазандағы № 23-1 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Г. Тагаева

Қаулыны алдым ________________________________________________

_______________________________________________________________

                           (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

2020 жылғы _10 қарашадағы  

№ _24_  қаулысына

қосымша

 

Санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етілген адамдардың  (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін және т. б. көрсеткен кезде) санаты және тізбесі

 

 

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтер қызметкерлері;

- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;

- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;

- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;

- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;

- күзгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылық іс-шараларын, жол жөндеу жұмыстарын, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілер мен көліктеріне, сондай-ақ растайтын құжаттарын ұсынған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін-жұмыс орнынан берілген еркін үлгідегі, мөрмен расталған анықтама) облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары тасымалдайтын барлық жүк көліктері;

- құқығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге, саяжайларға, омарталарға, қыстақтарға бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);

- жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

-жерлеу рәсімі кезінде 10 адамнан артық және көлік құралының саны 3 –тен аспауы керек;

- келесі мәселелер бойынша Елшіліктің консулдық бөліміне баратын адамдар растайтын құжаттары болған жағдайда: консулдық есеп (қою, алу), азаматтық, төлқұжаттарды тіркеу, Ресей Федерациясының азаматының ант беруі және Ресей Федерациясының шетелдік паспортын бірінші рет рәсімдеу, дайын паспорттарды алу, азаматтығының жоқ екендігі туралы анықтама, азаматтықтан шығу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігіне  азаматтық туралы белгі қою (14 жасқа дейін), қайтару туралы куәлікті рәсімдеу, виза мәселелері, УТР ресімдеу және т. б.;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, мемлекеттік органдарға виза алуға баратын шетелдік тұлғалар (олардың өкілдері);

- растайтын құжаттары болған жағдайда, ұялы және спутниктік байланыс операторлары мен телекоммуникациялық қызметтердің авариялық бригадаларының қызметкерлері мен  көлік құралдары;

- арнайы және құқық қорғау органдарының, инкассация қызметтерінің, жеке күзет фирмаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;

- растайтын құжаттары қызметтік рұқсаттамалар (болған кезде) немесе жұмыс беруші берген анықтамалар болған жағдайда мамандандырылған мердігерлік ұйымдардың қызметтік көлігімен жүретін қала кәсіпорындарының көлік құралдары мен қызметкерлері;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, іссапарға жіберілген тұлғалар және уақытша іссапарға жіберілген адамдар мен көлік құралдары;

- растайтын құжаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамасы) болған жағдайда, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеген және карантиндік аймақтан тыс жерде тұратын адамдардың тұрақты тұратын жеріне қайтуы;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, он төрт күндік үй карантиніне жібере отырып, тіркелген көлік құралдары мен жеке тұлғалар;

- демалыс базалары мен аймақтарына жолдамасы бар, сондай-ақ емдік дене шынықтырудан (ипотерапиядан) өту үшін, растайтын құжаттары бар көлік құралдары мен жеке тұлғалар (ұйымдастырылған туристік топтар);

Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, республикалық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін ұлттық құрама, клуб командаларының көлік құралдары мен спорт командалары (спортшылар, жаттықтырушылар құрамы және т. б.);

- құжаттарды, посылкаларды, жүктерді курьерлік экспресс-жеткізу қызметтерін ұсынатын көлік құралдары мен субъектілер қызметкерлері;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, оқу орнына қайта оралған оқушылар;

Дата публикации
10 ноября 2020