Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2020 жылғы 29 қазандағы № 23-1 ҚАУЛЫСЫ

 

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы

№23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 23-1

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 29 қазан                                                                  Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Г. Тагаева, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы;  2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы  № 58 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                          25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

Шығыс Қазақстан облысындағы және Қазақстан Республикасының облыстарында және шекаралас мемлекеттерде CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

- эпидемиологиялық ахуал шиеленіскен (ауруханадан тыс пневмониямен, ЖРВИ-мен ауырғандар санының, CОVІD-19 тасымалдаушылары арасында ауыр науқастар мен өлім жағдайларының біршама өсуі тіркелген) Қазақстан Республикасының басқа өңірлері мен шекаралас мемлекеттердің аумақтарынан коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына байланысты іскерлік, коммерциялық, туыстық және мәдени-білім беру салаларында қалыптасқан тығыз тарихи байланыстары бар Өскемен қаласының тұрғындары үшін жоғары қауіптің болуын;

-облыста, атап айтқанда, Өскемен қаласында жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі кезеңінде эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісуін, сондай-ақ Семей, Өскемен қалаларында, Катонқарағай, Бородулиха және Аягөз аудандарында балалар арасында сырқаттанушылық жағдайларының тіркелуін,

COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек орын қорының қамту пайызының (ТҚҚП) есептік өлшемшарттары негізінде – 31,3%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші – 2,8, облыс бойынша репродуктивті R санының мәні – 1,01, Өскемен қаласы ТҚҚП – 43,8, R – 2,13, Глубокое ауданы – ТҚҚП - 22,0, R -1,8, Ұлан  ауданы R – 2,2 анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 - бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2 - тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19  коронавирустық инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шектеу және карантиндік шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №23 қаулысына (бұдан әрі-қаулы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:

«2-1 Өскемен қаласының, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Үржар аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:

1) Алматы (1 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары, «Ауыл», «Уба» (Шемонаиха ауданы-1 бірлік, Бородулиха ауданы - 1 бірлік) өткізу пункттерінде және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 13 санитариялық бекеттің жұмысын қамтамасыз етсін.

Санитариялық бекеттердің жұмыс істеу режимі мен мерзімдері COVID-19  коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін;

2) осы қаулыда көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Бұл ретте, облыс орталығында болуын  қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға кедергісіз жүріп-тұруына рұқсат етілсін;

3) санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен жағдайда):

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне;

- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдарға;

- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдарға;

- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушыларға;

- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдарына;

- күзгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылық іс-шараларын, жол жөндеу жұмыстарын, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілер мен көліктеріне, сондай-ақ растайтын құжаттарын ұсынған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін-жұмыс орнынан берілген еркін үлгідегі, мөрмен расталған анықтама) облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары тасымалдайтын барлық жүк көліктеріне;

- құқығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге, саяжайларға, омарталарға, қыстақтарға бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындарына (бір отбасы мүшелері);

- жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруға рұқсат берілсін.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар ету;

5) барлық жұмылдырылған қызметтердің биологиялық қауіпсіздік режимін және оларды жеке қорғану құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз ету;

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған кезде (респираторлы белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз ету;

7) күдікті адамға жедел медициналық жәрдем машинасы келгенге дейін медициналық маска беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету.

  1. 2-тармақтың 2.9-тармақшасы мынадай мазмұндағы 7-14) тармақтармен толықтырылсын:

«7) Халыққа корпоративтік, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін жеке меншік үйлер мен құрылыстарды жалға алуға тыйым салынсын»;

8) 70 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтерлердің жұмысын жандандыру;

9) пәтер иелерінің кооперативі  кондоминиумдарды басқару органдарымен бірлесіп:

- кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде тәулігіне кемінде 2 рет профилактикалық дезинфекция жүргізу және ылғалды жинау;

- аула және балалар алаңдарының аумақтарына күнделікті жинауды жүргізу барлық жабдықтарды, шағын сәулет нысандарын балалар алаңдары мен оларға іргелес аумақтарды дезинфекциялау құралдарымен дезинфекциялық өңдеу;

- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарында және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыру;

10) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуге тыйым салу;

11) Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізген кезде аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуге тыйым салу;

12) медициналық көрсеткіштер бойынша шығуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен айқындалған CAVID-19 бойынша қолайсыз елдерге шығуға тыйым салу;

13) барлық әкімшілік ғимараттарда, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілерінде, авто және теміржол вокзалдарында, әуежайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (ғимаратқа (үй-жайға) кіреберісте дезинфекциялық тосқауылдарды, қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беткейлердің үстін күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету) жүзеге асырылады;

14) азық-түлік базарларын, аялдама кешендерін, сыртқы элементтерді және сауда алаңдарының учаскелерін (азық-түлік дүкендері) аптасына 2 рет жуу және дезинфекциялау құралдарын, қолдана отырып өңдеу.

  1. 2-тармақтың 2.6-тармақшасы 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың және туризм объектілерінінің (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.) қоғамдық тамақтану объектілерінің толтырылуы орын санының 50% - ын құрайды, штаттық жұмыс режимі сақталады».

  1. 2-тармақтың 2.6-тармақшасы 13) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«13) сұлулық салондары, шаштараздар, барбер шоптар (салондар т.б.), массаж және татуаж, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер,                  (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге кемінде 4 м2, жұмыс режимі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін)»

  1. 2-тармақтың 2.6-тармақшасы 21) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«21) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда көрермендердің қатысуынсыз (бос мінбелерде) ұлттық құрамалар үшін спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат етіледі».

  1. 2-тармақтың 2.7-тармақшасының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) білім беру ұйымдарында, мектепалды, 1-4 сыныптарда білім алушылар үшін ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі белгіленсін: төменде аталған объектілерді ерекше өкімге дейін қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру: Семей қаласында- «№10 ЖОМ» КММ, «Озерка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназия» КММ. Өскемен қаласында- «№2 жалпы білім беретін мектеп»  КММ, Катонқарағай ауданында-«Черновка орта мектебі» КММ, Бородулиха ауданында- «Песчанка орта мектебі» КММ, Аягөз ауданында- «№ 1 орта мектеп» КММ».  

  1. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің) қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтасын».

  1. 8-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1-тармақшамен толықтырылсын:

«8-1 вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің жұмыс берушілер мыналардың орындалуын және :

1) республиканың басқа өңірлерінен, облыстардан вахталық ауысымға шығуды жоспарлайтын жұмыскерлердің жұмыс орнына шығудан бес күн бұрын, жұмыс берушінің қаражаты есебінен CОVІD-19 зертханалық тексеруден өтуін;

ПТР тестілеуінің оң нәтижелері бар қызметкерлерге вахтаға шығуға тыйым салынады. Олар медициналық ұйымдарға бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуіп, жедел медициналық көмекті (мобильді топты) 103 нөмірі бойынша үйге шақыруы керек;

2) қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін кәсіпорынның медицина қызметкерлері қызметкерлердің жалпы жағдайын тексеріп, CОVІD-19 зертханалық ПТР тексерудің теріс нәтижесінің бар-жоғын тексеріп, қызметкерлердің орталықтандырылған жинау арқылы жүзеге асырылуын;

3) CОVІD-19 зертханалық тексеруді куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа және вахтаға шығуға жол берілмеуіне бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Қаулының бүкіл мәтіні бойынша (3 және 10-тармақшалар қоспағанда) 2-тармақтың 2.6-тармақшасы «жексенбі және мереке күндеріндегі қызметті шектеу (тоқтата тұру)» деген сөз «демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндеріндегі қызметті шектеу (тоқтата тұру) деген сөзбен ауыстырылсын».
  2. 12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қоғамдық көлікте маскалық режимді, сондай-ақ кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) және елді мекендерде жүріп-тұру және үйден (пәтерден) кез келген шығу кезінде масқалық режимді сақтау».

  1. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің орынбасары                                                                Г. Тагаева

 

 

Қаулыны алдым ________________________________________________

_______________________________________________________________

                           (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)

 

 

Дата публикации
29 октября 2020