Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шектеу және карантиндік шаралар туралы 2020 жылғы 27 қазандағы №23 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шектеу және карантиндік шаралар туралы

№ 23

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 27 қазан                                                                           Өскемен қаласы

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері    М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның        2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы;  2020 жылғы 20 қазандағы;  2020 жылғы 26 қазандағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы  № 58 қаулыларын;

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек орын қорының қамту пайызының (ТҚҚП) есептік өлшемшарттары негізінде – 31,3%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші – 2,8, облыс бойынша репродуктивті             R санының мәні – 1,01, Өскемен қаласы ТҚҚП – 43,8, R – 2,13, Риддер қаласы - ТҚҚП – 45,7 R – 1,67, Глубокое ауданы – ТҚҚП - 22,0, R -1,8, Алтай ауданы - ТҚҚП – 45,8, R – 1,83 және сәйкесінше балалар арасында сырқаттанушылық жағдайларының тіркелуін анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 28 қазандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 11 қарашадағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері:

2.1 Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары анықталсын.

2.2. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асырырылсын.

2.3 Мыналарға:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;

2) ойын-сауық мекемелеріне (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер, фудкорттар);

3) облысішілік автобустардың (Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіне қызмет көрсететін маршрутты қоспағанда), облыс аудандары мен қалалары арасында шағын автобус және өзге де жолаушылар тасымалдарының, сондай-ақ автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушылар көлігінің өзге де кәсіпорындарының жұмыс істеуіне тыйым салу сақталсын.

2.4. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтаған кезде халықтың көшелерде және скверлерге, саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, серуендеу аймақтарына бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтармен жүріп-тұруларына рұқсат етілсін.

2.5 Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған) жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда және медициналық ұйымдарда  қызметкерлерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау), шектеу және санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.

2.6. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салғанда және тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін мыналар үшін келесі қызмет тәртібі белгіленсін:

1) барлық қоғамдық тамақтану объектілері көпшілік, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, жұмыс режимі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, жексенбі және мереке күндері қызметін шектей отырып, (тоқтата тұратын) 30 отыратын орыннан аспайтын, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызсын;

2) дәріханалар мен дәріханалардың бөлшек сауда желілерінен басқа, азық-түлік дүкендері мен бөлімдерінің (минимаркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) жұмыс режимі 22.00 сағатқа дейін;

Дәріханаларда, азық-түлік дүкендері мен азық-түлік сатпайтын дүкендерде ауданы 50 м2 дейінгі сауда залында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта үй-жайда 4 адамның болуына; ауданы 100 м2 дейінгі сауда залында – сәйкесінше 8 адамның болуына жол беріледі;

3) азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар (жабық) (жұмыс режимі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін; ғимараттардан тыс, жұмыс режимі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) 1 келушіге ауданы 4 м2-ден кем емес болғанда, толтырылуы 30% - дан аспаған жағдайда, термометрия жүргізіп, маскалық  режимді және әлеуметтік қашықтық сақталған кезде және жексенбі мен мереке күндері ашық және жабық базарлардың қызметін шектеу (тоқтата тұру);

4) ауданы 2000 м2 және одан жоғары сауда объектілерін (дүкендер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары) олардың ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс режимі 09.00-ден 21.00-ге дейін, 1 келушіге ауданы 4 м2-ден кем емес  болғанда, толтырылуы 30% - дан аспаған жағдайда, термометрия жүргізіп, маскалық  режимді және әлеуметтік қашықтық сақталған кезде және жексенбі және мереке күндері қызметін шектеу (тоқтата тұру);

5) медициналық орталықтар, стоматологиялар жазылу бойынша жұмыс режимі сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін;

6) автожуу орындары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу және халыққа қызмет көрсету бойынша басқа да объектілер  жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгілеп, жексенбі және мереке күндері қызметін шектеу (тоқтата тұру);

7) бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т. б.) объектілер жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін белгілеп, жексенбі және мереке күндері қызметін шектеу (тоқтата тұру);

8) мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (15 адамнан аспайтын кезекші топтар) жұмыс кестесін белгілей отырып, жұмыс күндері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін белгілеп, жексенбі мен мереке күндері қызметін шектеу (тоқтата тұру);

9) қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктерге, қарбалас сағаттарда автобустар санын  көбейту, дезинфекциялау құралдарымен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маска киіп жүруімен жұмыс кестесі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін;

Көлік құралының салонында маска тағуды бақылау тасымалдаушылар мен кондукторларға жүктеледі;

10) «демалыс күні» ауыл шаруашылығы, мектеп және азық-түлік жәрмеңкелерін (ашық ауада) сенбі күндері  ғана жұмыс кестесін сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып өткізу;

11) жеке және топтық жаттықтыруларға арналған спорт кешендері 5 адамнан асырмай, көрермендердің қатысуынсыз жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және жексенбі және мереке күндері қызметін шектеу (тоқтата тұру);

12) толтырылуы 80%-дан аспаған жағдайда, халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдар (қонақ үйлер, қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.);

13) сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс режимімен 1 келушіге кемінде 4 м2);

14) тікелей режимдегі кеңестер (отырыстар) (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

15) жеке, белгіленген талаптарды сақтай отырып және бұқаралық, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бір келушіге кемінде 5 м2 алаңды қамтамасыз ете отырып және сол жерде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, діни бірлестіктер объектілеріне (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.);

16) моншалар, сауналар (толтырылу 50% - дан аспаған жағдайда, бір келушіге кемінде 4 м2, қамтамасыз еткен кезде), бассейндер (жеке форматта, су айнасы бір адамға 5 м2 есебінен) және көрсетілген объектілер үшін жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып, жексенбі және мереке күндері қызметті шектеу (тоқтата тұру);

17) театрлар (толтырылуы 30% - ға дейін, бірақ залда 100 адамнан артық болмауы тиіс, әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, термометрияны, шахмат тәртібі бойынша отырғызуды сақтаған жағдайда);

18) мәдениет объектілері (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханаларды, мұражайларды;

19) 15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар кабинеттері/ түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары алдын ала жазылу бойынша және жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып және жексенбі мен мереке күндері қызметті шектеу (тоқтата тұру);

20) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, СПА орталықтарының/салондардың (толтырылуы 50%-дан аспағанда  және бір келушіге ауданы 5 м2-ден кем емес болғанда және жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 08.00-ден 21.00-ге дейін белгілей отырып және жексенбі мен мереке күндері қызметті шектеу (тоқтата тұру);

2.7 Ерекше өкімге дейін:

1) аталған объектілердің қызметін Риддер қаласында, Глубокое ауданында (Кожохово ауылы, Белоусовка ауылы, Глубокое ауылы), Алтай ауданында (Алтай қаласы, Парыгино ауылы, Соловьево ауылы) ерекше өкімге дейін тоқтата тұрып, мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған кезде білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуі белгіленсін;

2) мектептерде қашықтықтан оқытуды жалғастыру.

2.8 сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде ғимараттардың үй-жайлары) дезинфекция және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру.

2.9 Өскемен қаласының әкімі мыналардың жұмыс істеуіне тыйым салуды енгізсін:

1) кинотеатрлар;

2) моншалар, сауналар

3) бассейндер;

4) театрлар;

5) мәдениет объектілері, кітапханалар, мұражайлар;

6) фитнес-орталықтар және спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жұмысты жалғастырсын және:

1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік  қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейтуді және халыққа байланыссыз термометрия жүргізуді;

2) учаскелік қызметтің жұмысын баянаттар мен материалдарды ресімдей отырып, кейіннен материалдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға тапсыра отырып, жасырын отбасылық, ұжымдық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу, қайырмалдықтар және т. б.) анықтауға бағыттауды;

3) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

4) карантиндеу орындарын күзетуді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы:

1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын;

2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын;

3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) InfoKazakhstan.kz сайттында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;

2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

4) шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін, кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін, уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында InfoKazakhstan.kz сайттын пайдалануды;

5) InfoKazakhstan.kz сайттына СЭС саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдардың, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың тізімін орналастыруды;

6) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);

7) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, қалалар мен аудандардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы:

1) мобильді мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2)  халықтың елді мекендерде, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте жүріп-тұру кезіндегі әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимнің сақталуына бақылауды күшейтсін;

3) жұмысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық талаптардың бұзылуын анықтауға және осы қаулыны орындауға бағыттасын;

4) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын;

5) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалар/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялау, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б.):

- карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы;

- қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселелер бойынша адамдардың сауаттылығын арттыру;

-  енгізілетін санитариялық талаптар және  бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауаптылыққа тартудың тәртібі мен негіздері туралы;

- қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария етуі;

- адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу;

6) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандыру;

7) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отыру.

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                   05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес, санитариялық-эпидемиялогиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;

2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;

3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;

4) 65 жастан асқан қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің) қызметкерлердің кемінде 60%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтасын (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда).
  2. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска кию және әлеуметтік қашықтық сақтаған кезде, белгі салғанда мыналардың жұмыс істеуі сақталсын:

1) Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚО.

Жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) және сенбі күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін шектеу.

2) «Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелерінің жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен, қызметті барынша онлайн-форматта көрсету.

3) Қаржы секторы субъектілері (екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) және ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығының талаптарын сақтау.

  1. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханаларға:

1) ҚДСҰО ҒПСЭСМ филиалымен бірлесіп міндетті түрде сапаның сыртқы бағалауын жүргізу (ретестациялау, зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіби тестілеу);

2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес үш орамның талаптарын сақтай отырып, бекітілген нысан бойынша ілеспе жолдамаларымен бірге сынамаларды ретестілеуге ҚДСҰО ҒПСЭСМ ай сайын жеткізуді қамтамасыз ету;

3) ШҚО ТКҚСҚБД, оның қалалары мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) тегі бойынша тізімдер мен хабарламаларды ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларына (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсыну.

  1. Сауда объектілерінің меншік иелері мыналарды:

1) санитариялық ережелер мен дезинфекциялық шараларды, сондай-ақ сатып алушылар арасында әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып жұмыс істеуін;

2) қызметкерлердің күнделікті жеке қорғаныш құралдарын қолдануларын (медициналық маскалар, қолғаптар және т. б.), санитайзерлердің болуын;

3) азық-түліктерді буып-түйілген түрде (нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер, т.б) босатылуын;

4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, бірінші кезекте қажетті тауарларға, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиена құралдарына бағаның өсуіне жол бермеуді қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Жеке тұлғалар:

1) елді мекендерде, қоғамдық көлікте және үйден (пәтерден) кез келген шығу кезінде маскалық режимнің және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуын (бір отбасы мүшелерін қоспағанда).

Бұл ретте жабық үй-жайларда, көлікте, дені сау адамдарға, егер олар коронавирустық инфекциямен ауыратын науқасқа көмек көрсетсе, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның белгілері бар (дене қызуының жоғарлауы, ентігу немесе жөтел) немесе ПТР немесе жедел тестілеудің оң нәтижелері бар азаматтарға маскасыз болуға тыйым салынады; қолғапты қолдану ұсынылады;

2) денсаулық жағдайының миниторингісін:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуді;

- КВИ ауруы, КВИ-ны жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді;

3) жаппай отбасылық салтанатты және еске алу шараларын оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын;

4) жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде (негізінен отбасы мүшелері) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық жиналуына жол бермеуін;

5) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын. Дүкендерге, дәріханаларға шығуға, жұмысқа баруға, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төнген жағдайда» үйден шығуға рұқсат етіледі.

6) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, кез келген жағдайдың нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін.

  1. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері орын алған эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 16 қазандағы № 22 «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  4. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері                                                                                    М.Исмаилов

Дата публикации
27 октября 2020