Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы 02.08.2020 жылғы №20 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы аумағында

қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы

№ 20

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 02 тамыз                                                                Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   М. А. Исмаилов, Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсаатында,

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 06 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген); 

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 06 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысына;

«Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                        03 шілдедегі  № 44 қаулысына;

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 шілдедегі № 46 қаулысына;

Шығыс Қазақстан облысындағы коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтеріне сәйкес,

COVID-19 науқастарына арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының қамтылу пайызы (ТҚҚП) өлшемшарттары – 29,5% және соңғы 7 күн ішінде R>1.02 репродуктивті санының орташа мәні негізінде, анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 бабы 1 - тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы және 102,104 бабтары негізінде,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше шарттарымен бұрын қабылданған және енгізілген қатаң шектеу шаралары 2020 жылғы 03 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

  1. Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Қалалардың, аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері      _________________М. Исмаилов

Дата публикации
02 августа 2020