Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 «Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы»
қаулысының күшін тоқтата тұру туралы
№ 18
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 24 шілде Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:
«Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы» Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 қаулысын;
Шығыс Қазақстан облысында, оның ішінде Үржар ауданында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150-бабы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 65 бабы негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі облыс және Үржар ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2010 жылғы 01 маусымдағы № 12 қаулысының орындалуын қамтамасыз ету.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов