Үржар ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы 22.07.2020 жылғы №7 ҚАУЛЫСЫ

Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы

№ 7

ҚАУЛЫ

 

22 шілде 2020 жыл                                                                          Үржар ауылы

 

 

Мен, Үржар ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шокобалинова Л.Т., құжаттарды қарап:

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген); 

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                        25 маусымдағы №43 қаулысын; 

«Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                        3 шілдедегі  №44 қаулысын; 

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150 - бабы негізінде,

  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. 2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды демалыс және тұру орындарына қабылдау тоқтатылсын. 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі аяқталғанға дейін демалыс базаларында қалуға рұқсат етіледі.

Шектеу іс-шараларының тәртібі мен мерзімдері аудан аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

  1. 2. Үржар ауданы әкімі, Үржар аудандық полиция бөліміне:

2020 жылдың 23 шілдесінде Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына кіруі жабылсын,  Алакөл көліне апаратын автожолдардағы мобильді бекеттердің жұмысы қамтамасыз етіліп және қоғамдық құқықтық тәртіптің сақталуын күнделікті патрульдеу жүргізілсін.

  1. 3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

М.П.

Үржар ауданының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                      Шокобалинова Л.Т

Дата публикации
23 июля 2020