«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 04.07.2020 жылғы № 16/1 ҚАУЛЫСЫ

«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

№ 16/1

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 4 шілде                                                          Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері,               М. А. Исмаилов, «Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі                    № 44 қаулысына сәйкес,

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150- бабы негізінде,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысының:

1) 19 – тармағы келесі редакцияда жазылсын:

  1. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мына объектілердің қызметі сақталсын:

- ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы, жеткізу қызметімен және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат ету;

- үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіптік кәсіпорындар;

- ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;

- ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы;

- уақыт бойынша 9.00-ден 17.00-ге дейін шектеумен және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру;

 - уақыт бойынша 9.00-ден 17.00-ге дейін шектеумен және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыру;

- шектеулі жұмыс режимімен екінші деңгейлі банктерде 9.00-ден 17.00-ге дейін;

 - баспаханалар.

Қызметті жүзеге асыратын объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов

Дата публикации
04 июля 2020