Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы № 14 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы

№ 14

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 12 маусым                                                             Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның                 2020 жылғы 29 мамырдағы № 21-3/Б-339 хаттамасын;

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                  № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген); 

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                        22 мамырдағы № 37-ПГВр қаулысын;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің             2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 38-ПГВр қаулысын;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 06  маусымдағы № 39-ПГВр қаулысын;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 09 маусымдағы № 40-ПГВр қаулысын;

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі облыс бойынша 4,1% Семей қаласы бойынша -4,7% құрағанын анықтадым:.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150 - бабы негізінде,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен 2020 жылғы 01 шілдедегі сағат 00:00-ге дейін шектеу, оның ішінде карантиндік іс-шаралар сақталсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне және COVID-19сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Аудандар мен қалалардың әкімдері бұрын белгіленген шектеу іс- шараларын сақтасын.
  2. Семей қаласының әкімі:

3.1 Шектеу іс-шараларын енгізсін:

1) азық - түлік сатпайтын сауда объектілерінің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілерінің жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін қысқартылсын;

2) алаңы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік сатпайтын тауарлармен көтерме, көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері, ірі сауда объектілері мен кешендері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері үшін тыйым салу сақталсын;

3) әмбебап және азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қысқартылсын;

4) кинотеатрлар (кинозалдар) мен театрлар үшін отыратын орындарды 50% - дан аспайтын мөлшерде толтыру жөніндегі шектеулер сақталынсын;

5) қоғамдық моншалардың, сауналардың қызметінің жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылсын;

6) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін сондай-ақ ашық алаңдарда жалпы жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын мөлшерде келушілермен толуы және бір мезгілде болуы бойынша шектеулер сақталынсын.

Бұл ретте үстелдердің шеткі орындары арасында, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақталсын және санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілсін, адамдар көп жиналатын ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

7) барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінде (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін қысқартылсын;

8) түнгі клубтар (дискотекалар), барлар, караоке, кальян тарту орындарының жұмыс істеуіне тыйым салу сақталсын;

9) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып, кезекті алдын ала брондау шартымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылсын;

10) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дұға ету және басқа да әдет-ғұрып залдарының сыйымдылығын 50% - дан асырмай толтырылуын сақтай отырып, діни бірлестіктер мен діни құлшылық ету объектілерінің қызметіне шектеу қойылсын, барлық жағынан адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) дұға жасау мүмкіндігі ұйымдастырылсын;

3.2 халықтың елді мекендерде, саяжай алаптарында, қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын орындарда жүріп-тұру кезінде және үйден (пәтерден) шыққан сайын маскалық режимді және бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауына бақылау күшейтілсін;

3.3 Күн сайын қаланың сырқаттанушылық деңгейі жоғары аудандарында қоғамдық орындарға, іргелес аумақтарға, сауда объектілеріне, қоғамдық көлік аялдамаларына (күніне екі реттен кем емес), жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдеріне, балалар және спорт алаңдарына, орындықтар мен орындықтарға, банкоматтарға, POS-терминалдарға жалпы дезинфекция жүргізілсін.

  1. Үржар ауданының әкімі, Алакөл көлінде ортақ серуендеу және жағажай аймақтарының болуына байланысты жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін:

4.1 Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесе отырып, «Арбат» серуендеу және жағажай аймақтарында демалушылардың бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауына бақылауды қамтамасыз етсін;

4.2 жағажай аймағында әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілерді орнатуды қамтамасыз етсін;

4.3 Туристік ақпараттық орталықпен бірге, (ТАО) туристердің келуіне қарай «Демалушының сауалнамасын» беруді, жинауды және өңдеуді қамтамасыз етсін;

4.4 Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесе отырып, демалу аймақтарын және демалушылар легін ұйымдастырылған және ұйымдастырылмағанға бөлу, бақылауды қамтамасыз  етсін;

4.5 Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, Қабанбай ауылдық округінің шегінде Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында жеке меншік тасымалдауды (такси) жүзеге асыратын тұлғаларды жедел немесе ПТР-тестілеуден өтуін ұйымдастырсын.

  1. Демалыс базаларының иелеріне немесе Алакөл көлінің жағалауында тұратын жерлерде демалушыларды орналастыруға және тамақтандыруға жауапты тұлғалар міндетті түрде демалушыларды қабылдау басталғанға дейін «Объектінің дайындығы туралы актіні» алуын және маусымдық жұмысқа келген адамдардың (қызмет көрсетуші персонал) жедел немесе ПТР-тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін.
  2. Бөлшек сауда және ойын-сауық қызметтерін көрсететін тұлғаларда, сондай-ақ Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс базасынан тыс қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру бойынша объектілердің иелерінде міндетті түрде мерзімі өтпеген жедел немесе ПТР-тестілеуден өтудің теріс нәтижелері туралы (жұмыс басталғанға дейін нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен аспаған) анықтама болуы тиіс.
  3. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы, Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында:

7.1 COVID-19 зерттеу жүргізу бойынша мобильді пункттердің жұмысын;

7.2 2020 жылғы 15 шілдеге дейін стационарлық фельдшерлік пункттің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

8.1. Семей қаласында:

сырқаттанушылық деңгейі жоғары қала аудандарында, адамдар көп жиналатын жерлерде, тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейтсін;

8.2. Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, стационарлық бақылау-өткізу пунктінің жұмысын қамтамасыз етсін.

  1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Үржар ауданының Алакөл көлінде коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кезде іс-шараларды жүргізу алгоритмінде көзделген іс-шараларды орындауға кіріссін.
  2. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаулы шығаруға және карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  3. 11. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  4. 12. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов

Дата публикации
13 июня 2020