Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шығыс Қазақстан облысы халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы № 11 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы

№ 11

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 28 мамыр                                                                   Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері,                 М. А. Исмаилов, құжаттарды қарап:

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                    № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген); 

«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                     № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы                        22 мамырдағы № 37-ПГВр қаулысын (бұдан әрі – № 37 қаулы);

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерін қарап,

Соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейін анықтадым: облыс бойынша - 9,3%, Өскемен - 14,3%, Семей қалалары бойынша - 17,8%.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150 - бабы, 21 - бабының 13 - тармағы 4) тармақшасы және 12-тармағының 6) тармақшасы негізінде»,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2020 жылғы 13 маусымдағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу, оның ішінде карантиндік іс-шаралар ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Аудандар мен қалалардың әкімдері:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан Шығыс Қазақстан облысына кіру/шығу кезінде сыртқы шекараларындағы блокпосттардың жұмысын қамтамасыз етсін;

2) аудандар мен қалалардың арасындағы сыртқы блокпосттардан шығатындарға бақылау қамтамасыз етсін;

Блокпосттарда міндетті термометрия жүргізілсін, респираторлық аурулар симптомдарының болуына тексерілсін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын;

3) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, облыстың аудандары мен қалалары арасында блокпосттар арқылы көліктің кіруіне/шығуы тек жергілікті атқарушы органдармен берілген қызыл немесе көк түсті арнайы рұқсаттамалар бойынша рұқсат етілсін.

Қызыл түсті рұқсаттама қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқаратын адамдардың жүріп-тұруына арналған.

Көк түсті рұқсаттама қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындарға және жол немесе бағыт парағы болған жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсететін кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға арналған.

4) арнайы рұқсаттамасыз облыстың аудандары мен қалаларының блокпосттары арқылы кіруге/шығуға мыналарға рұқсат берілсін:

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;

- жұмыс орнынан анықтама және аудандардың және қалалардың елді мекендерінде тұруы тіркелгені жайлы мәліметтер болған жағдайда, міндетті термометриямен және респираторлық аурулар симптомдарының болуына тексере отырып, ТЖ режимі аяқталғаннан кейін жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;

         диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы және бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хат болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;

- стационарларда емделуде, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылаудағы адамдар;

- жүктерді транзиттік автотасымалдаушылар;

- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;

- растайтын құжаттары мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге тартылған көліктер мен адамдар;

- тұрақты тұратын жеріне қайтып келген адамдар.

Осы қаулыда аталған тұлғаларды қоспағанда, адамдардың жекелеген санатына облыстың аудандар мен қалаларындағы блокпосттар арқылы шығуына және кіруіне рұқсат жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша берілуі мүмкін.

Блокпосттардың жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері және өткізу режимі COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес өзгертілуі мүмкін;

5) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда, Семей қаласынан/қаласына баратын маршруттарды қоспағанда,                    тұрақты қалааралық облысішілік автобус тасымалын реттеу жалғастырылсын;

Қоғамдық көлік құралының жүргізушісі блокпостты кесіп өту кезінде «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген белгіленген үлгідегі куәлікті (хабарламаны), жол парағын, қозғалыс кестесін көрсетеді.

6) халықтың  елді мекендерде, саяжай алаптарында, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда жүріп-тұру кезінде және үйден (пәтерден) шыққан сайын маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) сақтауына бақылау күшейтілсін;

7) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін;

8) қоғамдық орындарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда, әуежайларда, іргелес аумақтарды қоса алғанда, теміржол және автомобиль вокзалдарында, супермаркеттерде, базарларда, қоғамдық көлік аялдамаларында (күніне кемінде екі рет), жер үсті, жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінде, балалар және спорт алаңдарында, орындықтар мен сәкілерде, банкоматтарда, POS-терминалдарда дезинфекциялық іс-шараларды күшейтілсін;

9) қызметкерлерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып, (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін;

10) әлеуметтік қашықтықты және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, кезек алдын ала брондалған жағдайда  Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жалғастырылсын;

11) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысы жалғастырылсын;

12) бұқаралық іс-шараларды сонымен қатар отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік және өзге де іс-шараларды және адамдар көп жиылатын жиындарды  өткізуге және COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынсын;

13) саяжай учаскесіне немесе жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен жағдайда аудандар мен қалалардың аумақтарынан тыс орналасқан жеке саяжайларға (қала сыртындағы үйлерге) баруға рұқсат етсін;

14) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қоғамдық көліктің жұмысы жалғастырылсын және қоғамдық көлік салонның сыймдылығын 50%-ға дейін толтырылуына бақылауды қамтамасыз етсін және көлікке жолаушылар тек маска киген жағдайда жіберілсін.

15) Семей қаласын қоспағанда, аудандар мен қалалар аумағының ішіндегі уақыт, апта күндері (жұп және тақ) және рұқсаттамалар бойынша халықтың жаяу жүріп-тұруы және жеке автомобиль көлігін пайдалану бойынша барлық шектеулер алынсын;

16) жұмыс істеп тұрған объектілерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мобильді топтардың мониторингін санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

17) халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. Семей, Өскемен қалаларын қоспағанда, аудандар мен қалалардың әкімдері 2020 жылғы 30 мамырдан бастап коммерциялық моншалардың, сауналардың, түнгі клубтар (дискотекалар), барлар, караокелер, кальян тарту орындарының қызметін қоспағанда субъектілердің/объектілердің кәсіпкерлік пен (немесе) өзге де қызметінің барлық түрлерін қайта бастасын.
  2. Өскемен қаласының әкімі:

4.1. субъектілердің/объектілердің кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметінің барлық түрлері үшін шектеу шаралары жалғастырылсын, мына қызметтерге уақытша шектеу қойылсын:

1) алаңы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік сатпайтын тауарлармен көтерме, көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері, ірі сауда объектілері мен кешендері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;

2) ғимараттардың ішіндегі әмбебап және азық-түлік сатпайтын базарлар;

3) кинотеатрлар (кинозалдар) мен театрлар;

4) қоғамдық моншалар, сауналар;

5) ғимараттардың ішіндегі сыйымдылығы 30 отыратын орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері;

6) спорттық-сауықтыру объектілері, оның ішінде бассейндер (30 адамнан аспайтын топтарға арналған оқу-жаттығу процестерін қоспағанда),

7) түнгі клубтар (дискотекалар), барлар, караокелер, кальян тарту орындары;

8) мәдениет объектілері (тек жеке және 30 адамнан аспайтын топтық дайындық үшін рұқсат етілсін);

9) білім беру орталықтары, үйірмелер, арт клубтар.

4.2. Діни бірлестіктер мен діни құлшылық ету объектілеріне жобалық сыйымдылықтың 30%-ынан аспайтын уағыз және басқа да әдет-ғұрып залдарын толтырумен қызмет жүргізуге рұқсат етілсін.

4.3. облыстың рекреациялық аймақтарына блокпосттар арқылы жұма күні сағат 18:00-ден жексенбі күні 21:00-ге дейін демалуға шығуға рұқсат етілсін.

  1. Семей қаласының әкімі, Семей қаласының полиция басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасымен, Семей қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесе отырып, жұмысты жалғастырсын және мыналарды қамтамасыз етсін:

1) осы қаулының 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың Семей қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салу.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда аталған тұлғаларды қоспағанда, Семей қаласының сыртқы блокпосттары арқылы адамдардың жекелеген санаттарына шығуға және кіруге рұқсат жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша берілуі мүмкін.

Қала аумағынан кіру/шығу кезінде қаулының осы тармағының                                   1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар COVID-19 жедел-тестілеуден немесе мерзімі өтпеген ПТР әдісімен зертханалық зерттеуден өту нәтижелерін (7 күннен кешіктірмей) ұсынуға міндетті.

Блокпосттар арқылы кіретін және шығатын адамдар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Транзиттік автокөліктерді Семей қаласының ішінде тоқтаусыз патрульдік автокөліктердің алып жүрімен кіркізу және шығару;

2) халықтың елді мекендерде саяжай алаптарында, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда жүріп-тұру кезінде маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) сақтауына бақылау күшейтілсін;

3)Семей қаласының жеке тұлғаларының жеке автокөлігінің күндізгі уақытта жүріп-тұруын шектеу және түнгі уақытта 21.00 сағаттан 05.00 сағатқа дейін қызметтік және қоғамдық көлікті, арнайы рұқсаттамасы бар (қызыл немесе көк түсті) жеке автокөлтерді қоспағанда, автомобиль көлігінің қозғалысын тоқтату;

4) қызметтік және қоғамдық көліктерді, сондай-ақ «көк» немесе «қызыл» арнайы рұқсаттамасы бар жеке автокөліктерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке автокөліктің жүруіне тыйым салу;

5) азаматтар жеке автокөлікпен «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты жүре алады. Айдың жұп күндері бойынша - нөмірінің соңында жұп санмен аяқталатын, айдың тақ күндері бойынша – нөмірінің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат берілсін.

Семей қаласының аумағы бойынша халықтың жаяу жүруі тек I, II типтегі рұқсаттамалар болған жағдайда рұқсат етілсін.

Жұмысқа кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және міндетті түрде маска киіп, таңертең сағат 07:00-ден 10:00 дейін, кешке 17:00-ден 19:00 дейін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдада) бару.

Арнайы рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда ғана жарамды.

I - типтегі рұқсаттама (қызыл) елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін орындайтын адамдардың жүріп-тұруына арналған.

II – типтегі рұқсаттама (жасыл және ақ түсті) халықтың қала аумағында жүріп-тұруына арналған. Бір пәтерге/үйге I рұқсаттама беріледі. Рұқсаттаманы ұстаушының сауда объектілеріне, дәріханаларға және банктерге баруға мүмкіндігі бар. Рұқсаттаманы бір апта ішінде 3 реттен артық пайдалануға болмайды. Жасыл түсті рұқсаттама, айдың жұп күндері бойынша сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді, ақ түсті рұқсаттама, айдың тақ күндері үйден шығуға құқық береді.

Рұқсаттамалардың болуын тексеру Семей қаласының полиция басқармасына жүктеледі.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттама бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін;

6) такси жеңіл автокөлігінде тасымалдау маска киген кезде 2 жолаушыдан аспағанда жол беріледі;

7) қоғамдық автокөлікте жолаушыларды тасымалдау күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қоғамдық көлікке отыруға арналған орын саны бойынша салонның толуын қатаң сақтағанда жол беріледі, жолаушыларға қоғамдық көлікке тек маскамен кіруге рұқсат етіледі;

8) тұратын жері бойынша әлеуметтік байланыстарға, сондай-ақ отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік, ойын-сауық, спорттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

9) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда топпен үш адамнан артық жиналуға тыйым салу;

10) жергілікті өзін - өзі басқару комитеті, пәтер иелері кооперативі және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп, Семей қаласының аумағын, оның ішінде саяжай массивтерінің тұрғын секторын, саябақтарды, скверлерді, аула ішіндегі алаңдарды, тұрғын алаптардағы балалардың ойын және спорт алаңдарын, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маска режимінің сақталуына күшейтілген патрульдеу;

11) зерттеудің осы түріне жататын контингент арасында ПТР тестілеуді белсенді түрде өткізу;

12) МСАК деңгейінде тіркелген тұрғындарға қоңырау шалу арқылы вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтау;

13) «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарға ПТР әдісімен COVID-19-ға 100% тексеру жүргізу;

14) қоғамдық орындарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда, әуежайларда, іргелес аумақтарды қоса алғанда, теміржол және автомобиль вокзалдарында, супермаркеттерде, базарларда, қоғамдық көлік аялдамаларында (күніне кемінде екі рет), жер үсті, жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінде, балалар және спорт алаңдарында, орындықтар мен сәкілерде, банкоматтарда, POS-терминалдарда күшейтілген дезинфекциялық іс-шараларды өткізу;

15) үй карантиніндегі адамдарды және шектеу жағдайларында жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету бойынша объектілерді бақылау;

16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, мобильдік топтардың барлық меншік нысанындағы жұмыс істеп тұрған объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

17) полиция қызметкерлерінің, ЖАО және волонтёрлердің қоғамдық көлік аялдамаларында мынадай жұмыстарды жүргізуді жалғастыру:

- жолаушылар ағынының мониторингі;

- алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы режимді сақтауды белсенді түсіндіру;

- қолды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету;

- маскалық режим.

5.2. Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жұмыс істеуін жалғастыру:

- ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілері (жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып);

- шаштараздар (бір клиентке қызмет көрсете отырып, алдын ала жазылу бойынша);  

- гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындары.

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, қызметін қайта бастасын:

- ғимараттардың ішіндегі 30 отыратын орынға дейінгі, сондай-ақ жазғы алаңдардағы қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер дәмханалары, барлар);

- мәдениет объектілері (тек жеке және 30 адамнан аспайтын топтық дайындық үшін);

- сұлулық салондары;

- автосалондар;

- компьютерлік, тұрмыстық техниканы, жабдықтарды сату және жөндеу салондары;

- құрылыс материалдарын көтерме - бөлшек сату сауда орындары;

- кір жуу, химиялық тазарту қызметтерін ұйымдары;

- «кезекші топтар режимінде» барлық меншік нысанындағы балабақшалар .

  1. Семей қаласын қоспағанда, қалалар мен аудандардың әкімдері 2020 жылғы 13 маусымнан бастап демалушыларды (Қазақстан Республикасының азаматтарын) адамдарды орналастыру және демалыс орындарында (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, балалар сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын, облыс аумағында орналасқан басқа да ғимараттар мен құрылыстар) қабылдауға рұқсат берсін.

Рекреациялық аймақтарда демалушы адамдар (жағажайларда, тұратын орындарда, жалпы пайдалану және адамдар көп жиналатын жерлерде) маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр) қатаң сақтауы керек.

Демалыс орындарына орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан және қалаларынан рекреациялық аймақтарға келетін адамдардың мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен аспаған) жедел тестілеу немесе ПТР-дан өту нәтижелері болуға міндетті. Бір отбасы үшін оның мүшелерінің біріне зерттеу нәтижесінің болуы жеткілікті.

  1. Барлық жұмыс істеп тұрған объектілер, органдар мен ұйымдар осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бекітілген жұмыс алгоритмін, уақытша қағидалар мен санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын қатаң орындауды қамтамасыз етсін.
  2. Теміржол және әуе көліктері объектілерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес жүргізіледі.
  3. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы:

1) үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау шалуды (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалуды);

2) ПТР әдісімен «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарды COVID-19-ға 100% тексеруді;

3) бекітілген халыққа қоңырау шалу арқылы МСАК деңгейінде вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтауды;

4) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттерінде жаяу, не болмаса жеңіл автокөлікпен өткен барлық адамдарды 2 тәулікке дейінгі мерзімге COVID-2019-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері; шекараны өткен сәтінде 7 тәуліктен аспаған СОVID-2019-ға ПТР әдісімен тексеру нәтижесі бар адамдар оқшаулауға жатпайды.

Тексеру нәтижелері теріс болған кезде карантиндік стационардағы адамдар тұратын жері бойынша оқшаулауға жатады. Бұл ретте, карантиндік стационардың медициналық қызметкерлерімен тексерілген адамның болатын жері бойынша медициналық мекемелерге тұратын (болатын) жері бойынша 12 тәулік ішінде үй карантинін одан әрі ұйымдастыру (медициналық бақылау жүргізу) үшін қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалу) арқылы ақпарат беріледі. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда, тексерілген адам жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулауға жатады.

5) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы өтетін теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға; жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге; транзиттік жүргізушілерге; локомотив бригадаларының мүшелеріне жедел тестілеу жүргізуді қамтамасыз етсін.

Жедел тестілеудің оң нәтижесі анықталған кезде, тестілеу өткізілген адам провизорлық стационарға қосымша тексеруге жіберіледі.

Теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар; жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер; транзиттік жүргізушілер; локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы болатын/тұратын жері бойынша медициналық бақылауда болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясымен халықаралық автомобильдік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің базасында тұратын жері бойынша екі аптада бір рет ПТР әдісімен тексеруден өтеді;

6) биоматериал сынамаларын «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының және оның бөлімшелерінің зертханасына, сондай-ақ режимдік комиссияның патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар өзге де зертханаларға тасымалдауды;

7) карантиндік және провизорлық стационарларда CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның ауруханаішілік таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды, сондай-ақ медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауды, тасымалдауды, сақтауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды;

8) карантиндік және провизорлық стационарлар қызметкерлерінің арасында ауруға жол бермеу мақсатында жеке қорғаныш құралдарын және биологиялық қорғаныш костюмдерін кию ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

  1. Аудандар мен қалалардың әкімдері Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен, Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп:

1) Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жүргізушілердің аты-жөнін көрсете отырып тізімін қалыптастырсын;

2) жүргізушілердің өзін-өзі оқшаулау ережелерін сақтауын бақылауды ұйымдастырсын. Олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, байланыста болған адамдардың шеңберін анықтасын.

  1. Шығыс Қазақстан облысының аумағына «Уба» және «Ауыл» өткізу пункттері арқылы теміржол және автомобиль көлігінде келген тұлғалар:

1) нақты байланыс деректерін (тұратын жері, телефоны және т. б.), Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін соңғы 14 күнде болған жерлері туралы деректерді (оның ішінде коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз аумақтарда), вирустық инфекция белгілері бар науқастармен байланыста болу фактілерін, денсаулық жағдайы туралы деректерді және т.б. көрсетуге;

2) үй карантині режимінің барлық кезеңінде болатын (тұратын) жерде болуға, үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулықты сақтауға, басқа адамдармен байланыста болған әрбір жағдай туралы хабарлауға;

3) күн сайын жүйелі түрде денсаулық жағдайына өзіне-өзі бақылау жүргізуге, вирустық инфекция симптомдары, дене температурасы көтерілгенде, ентігу немесе жөтел болған жағдайда тұратын жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуге;

4) маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға;

5) жергілікті атқарушы органдар карантин үшін белгілеген үй-жайларда аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізбеуге міндетті.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

1) жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, ПИК және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен шектеулерді сақтау тұрғысынан күшейтілген патрульдеуді;

2) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

3) блокпосттарда өткізу режимін қатаң сақтауды;

4) карантиндеу орындарын күзетуді;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.

  1. Аудандық, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:

1) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кәсіпкерлік объектілердің міндетті санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін;

2) Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне шетелден келетін барлық тұлғалардың (оның ішінде ұшқыштардың, бортсеріктердің, машинистердің, жолсеріктердің, жүргізушілердің, тасымалдаушылардың және басқалардың) міндетті термометриясымен санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді жалғастырсын;

3) әрбір сауалнамадан өткен тұлға туралы ақпаратты рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына енгізуді, сондай-ақ оқшаулау режиміне бірлескен бақылауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге әуежайларда, темір жол көлігінде және автоөтпелерде сауалнама жүргізсін;

4) СОVID-19 таралуының профилактикасы мен алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, оның ішінде жадынамаларды таратсын;

5) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізсін;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен тұлғаларға күнделікті мониторинг жүргізсін;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың жұмыс істеп тұрған объектілердің және халықтың шектеу режимін, эпидемияға қарсы талаптардың сақтауына мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарына қатыссын;

  1. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында COVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов

Дата публикации
29 мая 2020