Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы № 7 ҚАУЛЫ

Шығыс Қазақстан облысы

аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы

№ 7

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 11 мамыр                                                      Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Г.Ж. Тагаева, құжаттарды:

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық  инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10  мамырдағы  №36 қаулысын,

Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жедел мәліметтерін қарап,

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVІD -19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық ахуалдың өршуін (7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі 12,5%), Семей қаласында (7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейі 17,7%) және таралуының ықтимал қатерінің болуын  анықтадым:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде»,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумақтарында карантиндік іс-шаралар 2020 жылғы 11 мамырдағы сағат 07:00-ден 2020 жылғы 01 маусымдағы сағат 07:00-ге дейін ұзартылсын.

Карантин режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін;

  1. Қаулының 1-қосымшасында белгіленген алгоритмге сәйкес Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан Шығыс Қазақстан облысы шекараларының блокпостарында, оның ішінде сыртқы блокпостарында бақылау қамтамасыз етілсін.
  2. Семей қаласының әкімі полиция басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасымен, Семей қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен бірлесіп:

1) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсеткіштері бойынша шығатын және кіретін адамдарды, стационарларда емделуде және карантиндік, провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарды, жүктерді транзиттік автотасымалдаушыларды, вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдарын сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге жұмылдырылған адамдар мен автомашиналарды, растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігі (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), сондай-ақ жеке куәлігі мен қызметкерлерге арналған жұмыс орнынан алынған анықтама (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) болған жағдайда сондай-ақ Семей қаласына тұрғылықты жеріне қайтқан адамдарды  қоспағанда, Семей қаласының аумағына кіруге/шығуға тыйым салуды қамтамасыз етсін;

Қаулының осы тармағының 1) тармақшасында белгіленген адамдар қала аумағынан кіру/шығу кезінде мерзімі өтпеген (7 күннен кешіктірмей) CОVID-19 жедел-тестілеуден немесе ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеуден өтудің нәтижелерін ұсынуға міндетті.

Қаладан  шығатын адамның анықтамасы болмаған жағдайда тікелей блокпостарда COVID-19 жедел-тестілеу жасауға рұқсат етіледі.

Блокпосттар арқылы кіретін және шығатын адамдар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

Транзиттік автокөліктер Семей қаласының ішінде тоқтаусыз патрульдік автокөліктердің алып жүруімен кіргізілсін /шығарылсын;

2) халықтың елді мекендерде жүріп-тұруы кезінде ғимараттың ішінде және сыртында маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, карантин режимін күшейту;

3) Семей қаласының жеке тұлғаларының жеке автокөлігінің күндізгі уақытта жүріп-тұруын шектеу және түнгі уақытта 21.00 сағаттан 05.00 сағатқа дейін қызметтік және қоғамдық көлікті, арнайы рұқсаттамасы бар (қызыл немесе көк түсті) жеке автокөлтерді қоспағанда, автомобиль көлігінің қозғалысын тоқтату;

4) қызметтік және қоғамдық көліктерді, сондай-ақ «көк» немесе «қызыл» арнайы рұқсаттамасы бар жеке автокөліктерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке автокөліктің жүруіне тыйым салу;

5) азаматтардың жеке автокөлікпен «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты жүре алады. Айдың жұп күндері бойынша - нөмірінің соңында жұп санмен аяқталатын, айдың тақ күндері бойынша – нөмірінің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат берілсін.

6) Семей қаласының аумағы бойынша халықтың жаяу жүруі тек I , II типтегі  рұқсаттамалар болған жағдайда рұқсат етілсін. Арнайы рұқсаттама жеке куәлік болған жағдайда ғана жарамды.

1-типтегі рұқсаттама (қызыл) елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін орындайтын адамдардың жүріп-тұруына арналған.

II –типтегі рұқсаттама (жасыл және ақ түсті) қала аумағында халықтың жүріп-тұруына арналған. Бір пәтерге/үйге 1 рұқсаттама беріледі. Рұқсаттаманы ұстаушы сауда объектілеріне, дәріханаларға және банктерге баруға мүмкіндігі бар. Рұқсаттаманы бір апта ішінде 3 реттен артық пайдалануға болмайды. Жасыл түсті рұқсаттама, айдың жұп күндері бойынша сауда жасау  үшін үйден шығуға құқық береді, ақ түсті рұқсаттама, айдың тақ күндері үйден шығуға құқық береді.

Рұқсаттамалардың болуын тексеру Семей қаласының полиция басқармасына жүктеледі.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттама бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін;

7) такси жеңіл автокөлігіне маска киген кезде 2 жолаушы ғана  отырғызуға  рұқсат етіледі;

8) қоғамдық автокөлікте жолаушыларды отырғызу орындарының саны бойынша ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қала маршруттарындағы қоғамдық көлік санын 50%-ға дейін және кәсіпорындар үшін тапсырыс берілген автобустар санын арттыру. Дезинфекциялық өңдеудің күшейтілген шараларын сақтау;

9) тұратын жері бойынша әлеуметтік байланыстарға, сондай-ақ отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

10) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда топпен үш адамнан артық жиналуға тыйым салу;

11) жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, пәтер иелері кооперативі және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп, Семей қаласының аумағын, оның ішінде саяжай массивтерінің тұрғын секторын, саябақтарды, скверлерді, аула ішіндегі алаңдарды, тұрғын алаптардағы балалардың ойын және спорт алаңдарын, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маска режимін сақталуына патрульдеу күшейтілсін;

12) зерттеудің осы түріне жататын контингент арасында ПТР белсенді түрде тестілеу өткізу;

13) МСАК деңгейінде тіркелген тұрғындарға қоңырау шалу арқылы вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтау;

14) «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарға ПТР әдісімен COVID-19-ға 100% тексеру жүргізу;

15) Семей қаласының «Восточный правый», «Восточный левый» кенттерінде тұратын барлық отбасылардың бір мүшесін CAVID-19 жедел тестілеу өткізу;

16) «Восточный правый», «Восточный левый», Восход кенті, «Бобровка», «Мурат-1», «Мурат-2» саяжай алқаптарындағы жалпы пайдалану орындарын, дүкендерді, тұрғын үйлердің қақпаларын, адамдар көп жиналатын орындарды, аялдама павильондарын, қатты жабыны бар жолдарды дезинфекциялық өңдеу;

17) карантин жағдайында жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету бойынша объектілерді және үй карантиніндегі адамдарды қатаң бақылау;

18) мобильдік топтардың күшімен қаланың объектілері мен шағын аудандарына іріктеп тексеру жүргізу әдісімен карантин режимін және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуына күшейтілген мониторинг жүргізу;

19) полиция қызметкерлерін, ЖАО және волонтерлерді қоғамдық көлік аялдамаларына бекіту:

- жолаушылар ағынының мониторингі;

- эпидемияға қарсы режимді сақтау және алдын алу шараларын белсенді түсіндіру;

- қолды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету;

- маскалық режим.

20) адамдардың жиналуы және карантин режимін бұзудың барлық фактілері туралы полиция басқармасына және Семей қаласы әкімдігінің Call-орталығына хабарлау;

21) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

22) барлық азық-түлік дүкендерінің жұмысын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шектеу;

23) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, адамдар аз жиналатын және эпидемиологиялық маңыздылығы төмен объектілердің:

- жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып, ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілерін;

- бір клиентке қызмет көрсете отырып, алдын ала жазылу бойынша шаштараздарды;

- гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындарын жұмысын жалғастыру;

24) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салу;

25) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу;

26) эпидемияға қарсы режим талаптарының жұмыс режимінің сақталуына мониторингті жалғастыру және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, қызметі жалғастырылған кәсіпкерлік объектілер мен субъектілерге мобильді топтармен объектілерге іріктеп тексеру жүргізу;

27) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеру;

28) қоғамдық орындарға, саябақтарға, скверлерге, аула ішіндегі ойын және спорт алаңдарына және басқа да объектілерге дезинфекциялық өңдеу жүргізуді жалғастыру;

29) әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен отырғыштарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу;

30) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау;

31) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын жандандыру;

32) халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

33) Семей қаласының қайта жұмыс режиміне көшуі Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қосымша қаулысымен регламенттелетін болады.

  1. Семей қаласын қоспағанда, аудандар мен қалалардың әкімдіктері:

1) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, адамдар аз жиналатын және эпидемиологиялық маңыздылығы  төмен кәсіпкерлік қызметтің қосымша түрлерінің жұмыс режиміне кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастыруға шаралар қабылдау.

Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, адамдар аз жиналатын және эпидемиологиялық маңызы төмен объектілердің:

2020 жылғы 12 мамырдан бастап:

- жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып, ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілерін;

- бір клиентке қызмет көрсете отырып, алдын ала жазылу бойынша шаштараздарды,сұлулық салондарын;

- гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындарын жұмысын жалғастыру;

2020 жылғы 18 мамырдан бастап:

- компьютерлік, тұрмыстық техниканы, жабдықтарды сату және жөндеу бойынша салондар;

- құрылыс материалдарын бөлшек сауда  орындарын;

 - кір жуу, химиялық тазарту ұйымдар қызметтері;

- түсті және қара металдардың сынықтарын қабылдау пункттері;

- барлық меншік нысанындағы спорттық объектілер кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тек ашық алаңдарда (фитнес, йога, тирлер, атыс алаңы, жеке жаттығулар, көрерменсіз спорттық жарыстар, топтық жаттығулар);

- автосалондар;

- ломбардтар;

- қоғамдық тамақтану объектілерін (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, дөнердәмханалары, барлар) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тек қашықтықтан сату әдісімен жеткізу және шығару арқылы ғана жүзеге асырады.

Кейіннен жұмыс режиміне көшу Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы және оның таралу қарқыны бойынша эпидемиологиялық ахуалға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қосымша қаулысымен регламенттелетін болады

2) Автомобиль көлігі қозғалысын шектеуді жалғастыру:

қызметтік және қоғамдық көліктерді, арнайы рұқсаттамасы бар жеке көліктерді қоспағанда, күндізгі уақытта автомобиль көлігінің қозғалысын шектеу, түнгі уақытта 21.00 сағаттан 05.00 сағатқа дейін  тоқтату;

жеке тұлғалардың жеке автокөлігінің қозғалысын шектеу. Азаматтардың жеке автокөлікпен «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты ұйымдастыру.

Айдың жұп күндері бойынша - нөмірінің соңында жұп санмен аяқталатын, айдың тақ күндері бойынша – нөмірінің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат берілсін.

қызметтік және қоғамдық көліктерді, сондай-ақ «көк» немесе «қызыл» арнайы рұқсатнамасы бар жеке автокөліктерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке автокөліктің жүруін шектеу;

қызметтік және қоғамдық көліктерді, арнайы рұқсаттамасы бар жеке көліктерді қоспағанда, күндізгі уақытта автомобиль көлігінің қозғалысын шектеу;

осы қаулыны қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдардың кіруі мен  шығуына рұқсатты жергілікті атқарушы органдар береді;

6) халықтың қалалар мен аудан орталықтарының аумағы бойынша жаяу жүруі тек I, II типтегі рұқсаттамалар болған жағдайда рұқсат етілсін. Арнайы рұқсаттама жеке куәлік болған жағдайда ғана жарамды.

Рұқсаттамалардың болуын тексеру ШҚО полиция департаментіне жүктеледі.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттама бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін;

4) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салу;

5) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметіне тыйым салу;

6) діни объектілердің қызметіне тыйым салу;

7) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді;

8) қызметі рұқсат етілген, не болмаса тоқтатылмаған, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының қызметін кезең-кезеңмен жаңғыртуға жататын кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерінің жұмыс режимін, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауына мониторингті жалғастыруды;

9) қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді, аула ішіндегі ойын және спорт алаңдарын дезинфекциялық өңдеуді жүргізуді жалғастыруды;

әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен отырғыштарды, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;

         10) облыстың елді мекендерінде және саяжай алабтарында, күндердің жұп/тақ қағидасы бойынша халықтың жүріп-тұруы кезінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қатаң бақылауды;

11) халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

12) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;

13) ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап 1414 байланыс орталығы немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы кезек алдын ала броньдалған жағдайда, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жаңғыртуды;

14) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын қамтамасыз етсін.

  1. Семей қаласын қоспағанда, 2-қосымшаға сәйкес жұмыс режиміне көшуге жататын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын және осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес меншік нысанына қарамастан, қызметін уақытша тоқтататын объектілердің тізімі бекітілсін.
  2. Туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде, туристік базаларда, қонаққа арналған үйлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттарда және басқа да ғимараттар мен құрылыстарда, санаторийлерде, балаларды сауықтыру мекемелерінде, облыс аумағында орналасқан мемлекеттік ұлттық саябақтарда мерзімі өтпеген (7 күннен кешіктірмей) ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижелері және туризм объектісіне құқығын растайтын құжаттары болған кезде адамдарды орналастыру және демалыс орындарын жазғы туристік маусымға дайындауға рұқсат етілсін.
  3. Облыс тұрғындарына:

1) үй-жайлардың ішінде және сыртында қатаң маскалық режимді сақтау керек, қолғапты пайдалану ұсынылады;

2) көктемгі егіс жұмыстарына тартылған адамдар санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік алгоритмін сақтаулары тиіс;

3) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, халықтың тұрғылықты жерлерінен еркін шығуына, саябақтарға, үй маңындағы аумақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілерінсіз жағалауларға (3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің) баруына рұқсат етілсін;

4) әуе көлігімен жүріп-тұру кезінде Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим мен қосымша талаптардың сақталуы қамтамасыз етілсін;

5) тұратын жері бойынша әлеуметтік байланыстарға (отбасылық, діни, салт-дәстүрлік, мерекелік іс-шараларды өткізуге) және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

6) лық толған, оның ішінде жолаушылар түрегеліп тұрған қоғамдық көлікте жүруге тыйым салынады, қатаң отыратын орын санына сәйкес жүру керек;

7) адамдардың жиналуы және карантин режимін бұзу фактілері туралы полиция басқармасына және әкімдіктің Call-орталығына хабарлау керек;

8) жұмысқа бару таңертең сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін, кешке сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және міндетті түрде маска киюді сақтай отырып жүзеге асырылады;

9) жеке автокөлікпен саяжайға (қала сыртындағы үйге) бару үшін елді мекеннен келуге/кетуге рұқсат беру «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты қамтамасыз етілсін. Эпидемиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоса алғанда, айдың жұп күндері бойынша - нөмірінің соңында жұп санмен аяқталатын, айдың тақ күндері бойынша – нөмірінің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат берілсін:

- жеке тұлғалар арасындағы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету кезінде;

- кәмелетке толмағандарға ата-анасының біреуінің немесе 18 жастан асқан туыстарының ілесуінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады;

- 65 жастан асқандарға адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту ұсынылады;

- саяжай учаскелеріне бөгде адамдарды шақыруға және мерекелік-демалыс іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;

- бау-бақша кооперативтерінің (серіктестіктердің) ішінде жүріп-тұру шектеледі;

- саяжай учаскелеріне баратын жол бойында қоғамдық көлікте маскалық режим сақталады.

  1. Кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің қызметі жүзеге асырылады. Бұл ретте қызметкерлердің 50% үшін қашықтықтан (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда) жұмыс нысаны сақталады;
  2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы:

1) үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау шалуды (мүмкін болған жағдайда бейне қоңырау шалуды);

2) ПТР әдісімен «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарды COVID-19-ға 100% тексеруді;

3) мүмкіндігінше, бекітілген халыққа қоңырау шалу арқылы МСАК деңгейінде вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтауды;

         4) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттерінде өтетін барлық тұлғалардың жедел тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; локомотив бригадаларының мүшелерін, авиакомпаниялар ұшқыштарын, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді, транзиттік жолаушыларды халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда,

алған талдау нәтижелеріне қарамастан барлық тұлғалар медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері базасында тұрғылықты жері бойынша СОVID-19-ға ПТР әдісімен қосымша тексеруге жатады.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілері базасында екі аптада бір рет тұрғылықты жері бойынша ПТР әдісімен тексеруден өтеді;

5) тексеру нәтижелері теріс болған кезде тізімдерді, сауалнамалар мен қолхаттарды тұратын (болатын) жері бойынша үй карантинін одан әрі ұйымдастыру (медициналық бақылау жүргізу) үшін тексерілген тұлғаның болатын жері бойынша медициналық мекемелерге қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалу арқылы) берсін.

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде тексерілген тұлға жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй - жайларда оқшаулауға жатады;

6) биоматериал сынамаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының және оның бөлімшелерінің зертханасына, сондай-ақ режимдік комиссияның патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар өзге де зертханаларға тасымалдасын;

7) карантиндік стационарда CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның ауруханаішілік таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды, сондай-ақ медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауды, тасымалдауды, сақтауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды сәйкес қамтамасыз етсін;

8) карантиндік стационар қызметкерлерінің арасында ауруға жол бермеу мақсатында жеке қорғаныш құралдарын және биологиялық қорғаныш костюмдерін кию ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

  1. Өскемен және Семей қалаларының әкімдіктері Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармаларымен бірлесіп:

1) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Өскемен және Семей қалаларының әуежайларына Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан ішкі рейстермен келетін барлық жолаушыларды жедел тестілеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

2) зерттеу үшін биоматериал сынамаларын іріктеуді эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, медицина қызметкері жүргізеді. Материалды жинау кезінде жеке қорғаныш құралдары қолданылады;

3) коронавирустық инфекцияға жедел тестілеудің оң нәтижесін алған жолаушылар ПТР әдісімен тексеруден өту үшін барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, карантиндік стационарға жіберіледі. Осы тұлғалар ПТР тест нәтижелерін алғанға дейін карантиндік стационарда болады.

  1. Аудандар мен қалалардың әкімдері Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментімен, Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп:

1) Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жүргізушілердің аты-жөнін көрсете отырып тізімін қалыптастырсын;

2) жүргізушілердің өзін-өзі оқшаулау ережелерін сақтауын бақылауды ұйымдастырсын. Олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылауды ұйымдастырып, байланыста болған адамдардың шеңберін анықтасын.

  1. Шығыс Қазақстан облысының аумағына «Уба» және «Ауыл» өткізу пункттері арқылы, темір жол және әуе қатынастары арқылы келген тұлғалар:

1) нақты байланыс деректерін (тұратын жері, телефоны және т. б.), Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін соңғы 14 күн болған жерлер туралы деректерді (оның ішінде коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз аумақтарда), вирустық инфекция белгілері бар науқастармен байланыста болу фактілерін, денсаулық жағдайы туралы деректерді және т.б. көрсетуге;

2) үй карантині режимінің барлық кезеңінде болатын (тұратын) жерде болуға, үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулықты сақтауға, басқа адамдармен байланыста болған әрбір жағдай туралы хабарлауға;

3) күн сайын денсаулық жағдайына өзіне-өзі бақылау жүргізуге, вирустық инфекция симптомдары, дене қызуы, ентігу немесе жөтел болған жағдайда медициналық қызметкерді тұратын жері бойынша дереу хабардар етуге;

4) маскалық режимді және бір-бірінен кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға;

5) жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізбеуге міндетті.

  1. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

1) жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, ПИК және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторында, саяжай алабтарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен шектеулерді сақтау тұрғысынан күшейтілген патрульдеуді;

2) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

3) блок посттарда өткізу режимін қатаң сақтауды;

4) карантиндеу орындарын қорғауды;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес карантин режимін және осы қаулыда белгіленген талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған органдар мен ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтасын.
  2. Семей және Өскемен қалаларының халықаралық әуежайларының басшылары:

1) алыс шетелден және іргелес мемлекеттерден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде қызмет көрсететін жер бетіндегі жабдықтар мен көлікті қорытынды дезинфекциялауды;

2) әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;

3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.

  1. «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметкерлердің халыққа бір реттік қолғаптар мен медициналық маскада қызмет көрсетуін, пошта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) жанасумен байланысты жұмысты жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық маска, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін.
  2. Аудандық, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары:

1) кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін;

2) бизнес объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің міндетті нормалары сақталмаған жағдайда әкімшілік ықпал ету шараларын қолдансын;

3) Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне шетелден келетін барлық тұлғалардың (оның ішінде ұшқыштардың, бортсеріктердің, машинистердің, жолсеріктердің, жүргізушілердің, тасымалдаушылардың және басқалардың) міндетті термометриясымен санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді жалғастырсын;

4) әрбір сауалнамадан өткен тұлға туралы ақпаратты рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына енгізуді, сондай-ақ оқшаулау режиміне бірлескен бақылауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге әуежайларда, темір жол көлігінде және автоөтпелерде сауалнама жүргізсін;

5) тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында КВИ таралуының алдын алу және ескерту бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, оның ішінде жадынамаларды таратсын;

6) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша нұсқама жүргізсін;

7) Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен тұлғаларға күнделікті мониторинг жүргізсін.

  1. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының:

- «Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы №1;

- «Шығыс Қазақстан облысы аумағына карантин режімін енгізу туралы» 2020 жылғы 16 сәуірдегі №3;

- «Шығыс Қазақстан облысының аумағына Ресей Федерациясымен

мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы келетін тұлғаларға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларын жүргізу туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі №4;

  • «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды өзгерту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі №5;
  • «Шығыс Қазақстан облысы аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2020 жылғы 7 мамырдағы №6 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  1. Аумақтардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері өз қаулыларын шығаруға құқылы.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халық БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  __________________     Г. Тагаева

Дата публикации
12 мая 2020