Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 27 тамыздағы №10-4 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№10-4

ҚАУЛЫ

 

 

2021 жылғы 27 тамыз                                                                          Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның                 2021 жылғы 7 шілдедегі; 2021 жылғы 12 шілдедегі; 21 шілдедегі; 16 тамыздағы; 24 тамыздағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы  № 67; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі №32; «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36; «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулыларын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                        21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы                  27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 20,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 0,925 құрағанын анықтадым.

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африка» В.1. 351), «гамма» («бразилиялық» Р. 1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорк») және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 28 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;

2) 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО білім басқармасы, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, ШҚО полиция департаменті, ШҚО кіріс департаменті:

1) «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес, білім беру объектілерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін»;

3) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы және қалалар мен аудандардағы филиалдары (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

1) ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысымен бекітілген «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін»;

4) 12-тармақтың 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен; технологиялық процестің үздіксіз циклімен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды орындауды және бақылауды:

2) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;

Вакцинацияланбаған немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу міндетті ПТР-тестілеуден кейін жүргізіледі;

3) міндетті ПТР-тестілеумен:

- вакцинацияланбаған жұмыскерлерге, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар жұмыскерлерге, вахталық кент шегінен тыс жүйелі түрде шығатын вахталық жұмыскерлерге-7 күнде 1 рет жиілікпен;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін, барлық кезеңде вахтадан шықпайтын қызметкерлер-кезекті вахтаға келгенге дейін 1 рет (72 сағаттан кешіктірмей) және кезекті вахтаға келгенге дейін және вахтадан шыққанға дейін 5 күн бұрын жиілікпен өтуін қамтамасыз етеді»;

5) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«15. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханалар:

1) тестілеуді эпидемиологиялық, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратындар міндетті түрде ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалында сапаны сыртқы бағалауға (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу)) жатады;

2) ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, оның облыстың қалалар мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларының (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), тегі бойынша тізімдерін және хабарламаларды, сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсынсын»;

6) Қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

7) Қаулының 2-қосымшасы күші жойылды деп танылсын.

  1. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің: - «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 шілдедегі №10-2;

- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 13 тамыздағы №10-3 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 28 тамыздан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                                  Қ. Турдиев

Дата публикации
27 августа 2021