Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№10-2
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 30 шілде Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 7 шілдедегі; 2021 жылғы 12 шілдедегі; 21 шілдедегі шешімдерін; Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі №32; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 17,1%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 1,630 құрағанын анықтадым.
Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «Дельта» үнді штаммының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 3 тамыздан бастап 16 тамызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;
Осы тармақша ағымдағы жылғы 3 тамыздан бастап күшіне енеді.
2) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы және қалалар мен аудандардағы филиалдары (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін»;
3) 12-тармақтың 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен; технологиялық процестің үздіксіз циклімен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды:
2) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
3) вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеуді»;
орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді.
4) Қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Қ. Турдиев