Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы 2021 жылғы 24 шілдедегі №10-1 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың

алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

№10-1

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 24 шілде                                                                           Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері              Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның                2021 жылғы 7 шілдедегі; 2021 жылғы 12 шілдедегі шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы                 № 67 (бұдан әрі - ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысы); «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулыларын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы                        21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы                  27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі - 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидалары);

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 13,3 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 1,145 құрағанын анықтадым.

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «Дельта» үнді штаммының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1.1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1.1 Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «қызыл» аймақ үшін қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеуді және рұқсат беруді іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

2) Қаулының 1.2-тармағы алынып тасталсын;

3) Қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2021 жылғы 27 шілдеден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                                  Қ. Турдиев

Дата публикации
24 июля 2021