Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 4 маусымдағы №6-2 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №6 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 6-2

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы  04  маусым                                                           Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның                2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы                               18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі; 2021 жылғы 29 сәуірдегі шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы                        25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы №5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 03 маусымдағы №25; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 03 маусымдағы № 26 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 10,5%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 0,982 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына келесідей өзгерістер мен толуқтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2021 жылғы 6 маусымнан бастап 19 маусымға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;

2) 1.1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1.1 Өскемен, Семей қалаларын қоспағанда, қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Өскемен, Семей қалаларын қоспағанда, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «жасыл» аймақ үшін қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

3) 1.2- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1.2 Өскемен, Семей қалаларының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Өскемен, Семей қалаларының меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері:

Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «сары» аймақ үшін қарастырылған әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

4) 2-тармақтың 7) тармақшасындағы «профилактикалық мақсатта» деген бөлімде 5-абзац келесі редакцияда жазылсын:

«- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттердің»;

5) 5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«5. Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін.

Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.

         Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.

Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесін немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты бар болғанда қабылданады.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі»;

6) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасына (келісу бойынша) және қалалар мен аудандардағы филиалдары, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:

«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымдағы  №26 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін»;

7) Қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 мамырдағы № 6-1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2021 жылғы 06 маусымнан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                           Қ. Турдиев

Дата публикации
04 июня 2021