Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасының, «Алакөл» көлінің және «Рахман қайнарлары» санаторийінің туристік-рекреациялық аймақтарында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы 2021 жылғы 23 мамырдағы №7 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасының, «Алакөл» көлінің және «Рахман қайнарлары» санаторийінің туристік-рекреациялық аймақтарында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы

№ 7

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 23  мамыр                                                     Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 5 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 22 мамырдағы №22 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 13,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 0,983 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Туристік-рекреациялық аймақтарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, адамдарды орналастыру және демалу орындарының жазғы туристік маусымға дайындалуына рұқсат етілсін.
  2. 2. 2021 жылғы 1 маусымнан бастап орналасатын және демалатын орындарда (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) халықты (туристерді) қабылдай отырып, рекреациялық және туризмнің басқа да түрлеріне рұқсат етілсін.

Туристік-рекреациялық аймақтарда орналастыру және демалыс орындарының жұмыс істеу режимі мен мерзімдері облыс аумағында және республиканың шектес өңірлерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

  1. Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының әкімдері:

3.1 «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, құзыреттеріне сәйкес шаралар қабылдасын және мыналарды:

1) меншік иелері немесе демалушыларды демалыс және тұру орындарына орналастыруға жауапты адамдар, сондай-ақ қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан оларға қызмет көрсету жөніндегі өзге де объектілер арасында қызметкерлер мен халықтың (демалушылардың, туристердің, келушілердің және т. б.) қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын барынша азайту үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа платформалар арқылы (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) «ерікті» қатысушылар форматында іске асыруды;

2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 14 желтоқсандағы хаттамасымен өзгерістер енгізілген) бекітілген «Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне» сәйкес қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында демалушылар орналасатын жерлерге және оларға қызмет көрсететін объектілерге жүйелі тексеру жүргізу үшін мониторингтік топтардың құрамын бекітуді;

3) InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде қаланың және ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында  орналасқан объектілердің қызметін қайта бастауды;

4) қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіреберісте көрінетін жерге орналастыруды;

5) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;

6) кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жоюы үшін уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

7) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген ауданды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);

8) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін;

3.2. ШҚО полиция департаментімен, Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп:

«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы  №22 қаулысына сәйкес қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында орналасатын және демалатын орындарда «Ashyq» жобасын,  оның ішінде басқа платформалар арқылы (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) іске асыруды қамтамасыз етсін;

3.3. ШҚО полиция департаментімен бірлесіп:

1) қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында демалушылар орналасқан орындарға және оларға қызмет көрсететін объектілерге жүйелі түрде тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

2) мониторингтік топтардың жұмысы шеңберінде:

- мониторингтік топтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бойынша  олардың қызметіне бақылауды күшейтуді;

- Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 14 желтоқсандағы хаттамасымен өзгерістер енгізілген) бекітілген «Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл  алгоритмінің» сақталуын;

- халықтың ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте болған кезінде және жүріп-тұруы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шектеу іс - шараларын, оның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың (бір отбасы мүшелерін қоспағанда кемінде 1,5 метр) сақталуына бақылауды күшейтуді;

- мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды қамтамасыз етсін;

3) демалыс аймақтарын және демалушылар легін «ұйымдастырылған» және «ұйымдастырылмаған» деп бөлсін, бақылауды қамтамасыз етсін;

3.4. ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қала мен ауданның ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп:

мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін: профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету;

3.5 Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп:

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттарымен шектеу шаралары жағдайында «Дайындығы туралы актілерді» бере отырып, туристік-рекреациялық аймақтардағы объектілердің жазғы туристік маусымды ашуға және қызметін қайта бастауға дайындығын бағалау үшін санитариялық-эпидемиологиялық мобильдік топтардың құрамы бекітілсін;

3.6. жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін:

1) жағажай аймағында және ортақ серуендеу аймағында әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер салуды;

2) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан демалушылар арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып, жағажай аймағында демалушыларды орналастыруды;

3) ортақ серуендеу және жағажай аймақтарында орналасқан шағын сәулет нысандарына күнделікті профилактикалық дезинфекциялауды және ылғалды жинауды жүргізуді;

4) жазғы демалысқа келетін адамдардың көп жиналатын орындарындағы ғимараттардың үй-жайларына (теміржолда және автовокзалдарда, әуежайларда, аялдамаларда, қоғамдық көлікте) күнделікті профилактикалық дезинфекция жүргізуді;

5) респираторлық аурулардың, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілік назарына қолжетімді орындарға орналастыруды ұйымдастырсын және бақылауға алсын.

  1. Үржар ауданының әкімі:

4.1 ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен бірлесіп:

1) «Алакөл» көлінің жағалауындағы орталық тасжол бойында орналасқан туристік ақпараттық орталығын (ТАО) - ақпарат жинау және мүдделі мемлекеттік органдарды орналастыру орны ретінде айқындасын;

2) Туристік ақпараттық орталығымен (ТАО) бірге, туристердің келуіне қарай «Демалушының сауалнамасын» қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беруді, жинауды және өңдеуді қамтамасыз етсін;

4.2 ШҚО денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп:

1) «Алакөл» көлінің туристік-рекреациялық аймағының жағалауындаы стационарлық фельдшерлік пункттің жұмысын ұйымдастырсын.

  1. Демалушыларды демалыс және тұру орындарында, сондай-ақ Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан оларға қызмет көрсететін өзге де объектілердің иелері немесе орналастыруға жауапты тұлғалар мыналарды қамтамасыз етсін:

1) объектілер қызметін:

- InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін «Санитариялық нормаларға сәйкестік актісін»;

- қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтінім беру тәртібінде мобильді топтардың тексеру нәтижесі бойынша қалалар мен аудандардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлерімен шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттары бар, шектеу шаралары жағдайында жазғы туристік маусымды ашуға берілетін «Дайындығы туралы актіні» алғаннан кейін ғана қайта бастау;

2) қоныстанатын демалушылардың (келушілердің) мәртебесін QR - код немесе ЖСН арқылы тексеру;

3) объектілерге тек «жасыл» мәртебесі бар (келуші дерекқорда COVID-19 -ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген адам) жіберу және «көк» мәртебесі бар (ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауырған пациентпен байланыста болған ретінде саналмаған адам) демалушыларды (келушілерді) жіберу.

Туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне демалушылардың (келушілердің) мәртебесін тексермей олар мыналарды:

берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда),

немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты (вакцинация паспортының электрондық нұсқасын),

DAMUMED медициналық сервистен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының қағаз жеткізгіштегі (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасын ұсынған кезде рұқсат етіледі.

«Сары/қызыл» мәртебесі бар демалушылар (келушілер) (симптомдық және симптомсыз вирусиеленушілер, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар (коды U 07.1); диагнозы расталған және COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмония) (коды U 07.2); үйде оқшаулау жағдайындағы (үй карантині) COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған (жақын байланыста болған) адамдар) объектілерге жіберілмейді;

4) растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі скриншотын) ұсына отырып, «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын демалушыны (келушіні) объектіде анықтау фактісі туралы қала мен ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы хабардар ету/хабарлама жіберу;

5) «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы №22 қаулысына сәйкес, «Ashyq» жобасын, оның ішінде басқа платформалар арқылы (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) іске асыру;

6) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілер жұмысына қойылатын талаптарды» және осы қаулыны сақтау;

7) «Алакөл» көлінің туристік-рекреациялық аймағына келген барлық демалушыларға сауалнама жүргізу және күн сайын сағат 18.00-ге дейін «Демалушылардың сауалнамалары» туралы деректерді қағаз (мүмкіндігінше электронды) тасымалдағышта Туристік ақпараттық орталыққа (ТАО) ұсыну.

  1. Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының туристік-рекреациялық аймақтарына демалуға келетін жеке тұлғалар:

1) «сары/қызыл» мәртебесі бар адамдарға:

- туристік-рекреациялық аймақтарына келуіне тыйым салынады;

2) «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдарға:

- тұратын,  ортақ пайдаланатын (су қоймасын қоспағанда) және адамдар көп жиналатын орындарда маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде 1,5 метр) қатаң сақтау керек;

- «Алакөл» көлінің туристік-рекреациялық аймағына келген адамдар қоныстану орырындарында қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Демалушының сауалнамасын» толтыруы керек;

- басқа адамдар үшін өз қауіпсіздігін растау мақсатында қоныстанған орнында көрсету үшін өзімен бірге мыналарды алып жүру керек:

«Ashyq» қосымшасы бойынша, оның ішінде басқа платформалар арқылы (мысалы, «Аitu» платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) тексеру нәтижесі бойынша «жасыл» және «көк» мәртебенің,

немесе берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағат) аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу туралы құжаттың (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда),

немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаттың (вакцинация паспортының электрондық нұсқасы),

немесе қағаз тасымалдағышта (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе DAMUMED медициналық сервисінен электрондық нұсқада еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағының болуы;

3) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілер жұмысына қойылатын талаптардың» сақталуын қамтамасыз етсін.

  1. Үржар, Катонқарағай аудандары мен Алтай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары:

1) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттарымен шектеу шаралары жағдайында «Дайындығы туралы актілерді» бере отырып, туристік-рекреациялық аймақтардағы объектілердің жазғы туристік маусымды ашуға және қызметін қайта бастауға дайындығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтінім беру тәртібі бойынша демалушыларды орналастыру орындарына және оларға қызмет көрсету объектілеріне тексеру жүргізуді;

2) объектілердің электрондық форматта берілетін «Дайындығы туралы актілерін» және санитариялық нормаларға сәйкестік актілерін алуына InfoKazakhstan.kz сайтына мониторинг жүргізуді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтар анықталған кезде шаралар қабылдауды;

4) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қала мен ауданның ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялауды, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін:

- карантин нормалары мен өңірдегі және туристік-рекреациялық аймақтағы ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қолданылатын шаралар туралы;

- қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал жағдайындағы адамдардың іс-әрекеттері және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша олардың әлеуметтік жауапкершіліктері туралы сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде;

- енгізілген санитариялық талаптар, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту тәртібі мен негіздері туралы;

- адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шаралардың, шешімдердің маңыздылығы туралы;

5) бизнес-қоғамдастығы арасында санитариялық талаптарды түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жандандырсын;

6) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша түпкілікті шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағаласын.

  1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар «Алакөл» көлінің туристік-рекреациялық аймағында COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда «Үржар ауданының Алакөл көлінде коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кезде іс-шаралар жүргізу алгоритмінде» көзделген іс-шараларды орындауға кіріссін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                                  Қ. Турдиев

Дата публикации
23 мая 2021