Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 14 мамырдағы №5-7 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 5-7

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 14 мамыр                                                               Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы                        25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 14,2%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) –1,002 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2021 жылғы 16 мамырдан бастап 30 мамырға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;

2) 1.1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1.1 Өскемен, Семей қалаларын және Аягөз ауданын қоспағанда, қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Өскемен, Семей қалаларын және  Аягөз ауданын қоспағанда, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер:

Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «сары» аймақ үшін қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, Өскемен, Семей қалаларының және Аягөз ауданының меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер:

Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «қызыл аймақ» үшін қарастырылған әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін».

 

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                           Қ. Турдиев

Дата публикации
14 мая 2021