Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 22 сәуірдегі №5-2 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 5-2

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 22 сәуір                                                                   Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның                2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы                               18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»                  2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы №5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 7,8%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 1,243 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы,                                2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 5 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Сырқаттанушылық деңгейі жоғары («қызыл аймақ») Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында:

1) Қаулының 4-қосымшасындағы 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

15.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер)

ü

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй–жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде болған кезде

 

Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспаған кезде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда -  толтырылуын 30%-дан асырмай және 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

 

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана шектеусіз жұмыс істей алады

               

2) Қаулының 4-қосымшасындағы 16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

16.

Азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО, көтерме-бөлшек сатудың сауда-логистикалық орталықтары)

ü

Азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді

 

Жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді  

 

Балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне тыйым салынған

 

СОО-дағы қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

 

Ауданы 1000 ш.м. асатын сауда объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін объектілер қызметкерлері қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады

 

3) Қаулының 4-қосымшасындағы 46-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

46.

Тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуі

 

 

Рұқсат етілген:

- «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде;

- толтырылуы отыратын орындар санынан 75%-дан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда);

- жүргізушілердің, кондукторлар мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде

 

Өскемен, Семей қалаларын және Аягөз ауданын қоспағанда, сырқаттанушылық деңгейі қалыпты («сары» аймақ) облыстың аудандары мен қалаларында:

4) Қаулының 2-қосымшасындағы 16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

16.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер)

ü

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй–жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде болған кезде

 

Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспаған кезде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда - толтырылуын 30%-дан асырмай және 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

 

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана шектеусіз жұмыс істей алады

 

5) Қаулының 2-қосымшасындағы 17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

17.

Азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО, көтерме-бөлшек сатудың сауда-логистикалық орталықтары)

 

 

 

ü

Толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

 

Балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне тыйым салынған

 

СОО-дағы қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

 

Азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді қоспағанда, объектілер жексенбі күні сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді

 

Ауданы 1000 ш.м. асатын сауда объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін объектілер қызметкерлері қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады

 

6) Қаулының 2-қосымшасындағы 18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

18.

Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер)

 

ü

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй-жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде болған кезде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспаған кезде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда - толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

 

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады

 

Ауданы 2000 ш.м. асатын азық-түлік тауарларының сауда объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілген

 

7) Қаулының 3-қосымшасындағы 3-бағандағы «бір-бірімен эпидемиялық байланысты (отбасылық ошақтардан басқа)» деген сөз тіркесі алынып тасталсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2021 жылғы 23 сәуірден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                                  Қ. Турдиев

Дата публикации
22 апреля 2021