Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 5-1 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 5-1

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы  20 сәуір                                                                  Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның                2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы 18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы                          25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы №5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 6,9%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 1,372 құрағанын анықтадым.

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Өскемен қ., Семей қ. және Аягөз ауданы сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерге жатқызылды («қызыл» аймақ).

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 5 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ 1.1-тармақпен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

«1.1 CОVІD-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде: Өскемен қ., Семей қ. және Аягөз ауданында 2021 жылғы                    23 сәуірден бастап 03 мамырға дейін осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен қатаң шектеу шаралары ұзартылсын.

Өскемен қ., Семей қ. және Аягөз ауданы аумағындағы шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері эпидемиологиялық ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;

2) 3- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

         «3. Бородулиха, Шемонаиха, Үржар, Зайсан, Аягөз аудандарының, Семей қаласының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

1) Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 2 санитариялық бекеттің;

- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Қарағанды облысы тарапынан 1 санитариялық бекеттің;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің;

- Аягөз ауданында 2 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін  қамтамасыз етсін;

2) растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) және Аягөз ауданының аумағына (-н)  келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

         Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға санитариялық бекеттер арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;

         3)  Тәуекелі жоғары аймақтан («қызыл» аймақтан), оның ішінде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарда санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы нәтиже берілген күннен бастап кіру сәтінде үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.

Еріп жүрушілердің анықтамасы болған кезде 5 жасқа дейінгі балалар үшін анықтама ұсынылмайды.

Осы тармақтың талабы Аягөз ауданы шекарасындағы облысішілік санитариялық бекеттерге қолданылмайды;

4) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып, кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;

5) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен  және оларды жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;

6) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған жағдайда (респираторлық белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі, тынысының тарылуы (сұралушының айтуы бойынша), 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;

7) коронавирустық инфекцияға күдікті адамға жедел медициналық жәрдем көлігі келгенге дейін медициналық маска немесе матадан тігілген масканы беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін;

3) 4- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Қалалар мен аудандар әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері, Өскемен, Семей қалаларын, Аягөз ауданын қоспағанда, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін.

Өскемен, Семей қалаларының, Аягөз ауданының әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысына шектеулер мен рұқсаттарды іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін»;

4) 16 – тармақтағы «- 5 жасқа дейінгі балаларға» деген сөз тіркесі жаңа редакцияда жазылсын «- 5 жасқа дейінгі балаларға; 5 жастан асқан балаларға мектепке дейінгі ұйымдарда (шағын орталықтарда, мектеп-балабақшаларда); оқушыларға сыныптардағы сабақ уақытында»;

5) 18-тармақ алынып тасталсын;

6) Осы қаулының 2-қосымшасындағы 37- тармақ алынып тасталсын;

7) Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қаулыға 4-қосымша бекітілсін.

  1. «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Аягөз ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №1 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2021 жылғы 23 сәуірден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                                  Қ. Турдиев

 

 

Қаулыны алдым

_______________________________________________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 20 сәуірдегі

№ 5-1 қаулысына

1 - қосымша

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  15 сәуірдегі

№ 5 қаулысына

4 – қосымша

 

 

Сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу және рұқсат беру өлшемшарттары

 

Объектілер/салалар

«Қызыл» аймақ

1.

Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік объектілері:

Рұқсат етілген

 

- автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері

ü

Алдын ала жазылу бойынша

 

- ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу объектілері, кілттерді дайындау, «тұрмыстық үй» қағидаты бойынша қызметтер және т. б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, гүл сату дүкендері, фотосалондар, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ)

ü

Жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен)

 

- ЖҚС (автожанармай құю станциялары)

Рұқсат етілген

2.

Халыққа қызмет көрсету бойынша абоненттік бөлімдер

ü

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда немесе топта 3 адамнан аспаған жағдайда жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен)

3.

Туристік компаниялар, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, қызметтер: адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдар (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жер астында жайғастыру және т. б.) және басқа да кеңсе ғимараттары

ü

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен)

4.

Дәріханалар және дәріханалық бөлшек сауда желісі, оның ішінде сауда объектілерінде орналасқан дәріханалар

Рұқсат етілген

5.

Амбулаториялық үлгідегі медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері)

Рұқсат етілген

6.

Стоматологияның медициналық орталықтары (кабинеттері)

ü

Алдын ала жазылу бойынша

7.

Стационарлық сипаттағы қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері)

ü

Карантинді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету

8.

Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары

ü

Карантинді және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету

 

Стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында - орталық қызметкерлерінің осы жерде 14 күн тұруымен

9.

Балалар түзету кабинеттері, секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары

ü

Топтың толтырылуы - 15 адамнан аспауы керек, топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, алдын ала жазылу бойынша

10.

Косметологиялық қызметтер орталықтары және сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар, маникюр және  педикюр, массаж және татуаж кабинеттері

ü

1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м., алдын ала жазылу бойынша

11.

Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары

Жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы 4 ш.м кем болмағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, қолданыстағы жұмыс режимі

 

Сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жұмыс істемейді

 

Сауда кәсіпорындары ассоциациясының ұсынысына сәйкес өздерінің объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын үнемі бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құруды ұсыну

12.

Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары

Жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы 4 ш.м кем болмағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, қолданыстағы жұмыс режимі

 

Сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді

 

Сауда кәсіпорындары ассоциациясының ұсынысына сәйкес өздерінің объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын үнемі бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құруды ұсыну

13.

Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік сатпайтын базарлар

Жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы 4 ш.м кем болмағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, қолданыстағы жұмыс режимі

 

Сенбі күні сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбі күні жұмыс істемейді

 

Сауда кәсіпорындары ассоциациясының ұсынысына сәйкес өздерінің объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын үнемі бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құруды ұсыну

14.

Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік сатпайтын базарлар

Жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы 4 ш.м кем болмағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, қолданыстағы жұмыс режимі

 

Сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді

 

Сауда кәсіпорындары ассоциациясының ұсынысына сәйкес өздерінің объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын үнемі бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құруды ұсыну

15.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер)

ü

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй–жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде

 

Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда толтырылуын 30%-дан асырмай және 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

 

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын  сатпайтын сауда объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана шектеусіз жұмыс істей алады

16.

Азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО)

ü

Сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді

 

Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде, жұмыс күндері сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді  

 

Балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне тыйым салынады

 

СОО-дағы қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

 

Ауданы 1000 ш.м. асатын азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілерінде (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін объектілер қызметкерлері қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады

17.

Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер)

 

ü

Қызметтері шектеусіз

 

Сауда залының ауданы 50 ш.м.  дейінгі үй-жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. дейінгі үй – жайларда - тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде

 

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай  және 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м.  болған жағдайда

 

Ауданы 2000 ш.м. асатын азық-түлік тауарларының сауда объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілген

18.

Демалыс күнгі ашық ауадағы ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелері

Рұқсат етілген

19.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристтік базалар және т. б.)

ü

Номерлер қорының толтырылуы 80% - ға дейін

20.

Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайлардағы)

ü

Сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген

 

Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуын отыратын орындар санының 50% - нан асырмай, бірақ 30 орынға дейін

 

Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады

 

Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30% - нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады

21.

Қоғамдық тамақтану объектілері: фудкорттар

ü

Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

Тек тамақты алып кету мен жеткізуге ғана

22.

ХҚО

ü

Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін

23.

«Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелері

ü

Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

Қызметтерді барынша онлайн-форматта көрсету

24.

Қаржы секторы субъектілері: екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар), ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер

ü

Уақыт бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін

 

ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен актісінің (бұйрығының) талаптарын сақтаған кезде

 

25.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері/ұйымдары

ü

15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде кезекші топтар

 

Міндетті түрде таңертеңгі сүзгіні өткізу, персоналдың маскалық режимді сақтауы, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды жүргізбеу, ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерге әкелетін адамдардың кіруіне рұқсат бермеу кезінде

 

COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары»қолданылады

26.

Орта білім беретін оқу орындары, оның ішінде лицей мәртебесімен

ü

Дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін оқыту

 

Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту

 

Жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде-1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту;

 

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерін сақтау);

COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту форматына ауысу өлшемшарттары» қолданылады

27.

Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) жүйесінің мекемелері, ЖОО

ü

Оқушыларды және I курс студенттерін штаттық оқыту

28.

Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда)

ü

80% – қашықтықтан; 

20% – күндізгі режим

29.

Кеңестер (отырыстар)

Тікелей режимде өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде)

30.

Діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.)

ü

Ұжымдық іс-шараларды өткізбей

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды), күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде

31.

Моншалар

Рұқсат етілген

Бассейндердің (жеке форматта, су айнасының бір адамға 5 ш. м. есебінен), толтырылуы 30% аспаған жағдайда және бір келушіге ауданы 4 ш.м. кем болмаған кезде

32.

Сауналар

ü

Сенбі және жексенбі күндерінен басқа

 

Толтырылуы 50% - дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен кезде

33.

Меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары

ü

Сенбі және жексенбі күндерінен басқа

 

Көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамнан аспайтын мөлшерде) және топтық (қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын мөлшерде) жаттығуларды өткізу үшін

 

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады

34.

Көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу

Тыйым салынған

35.

Ұлттық құрама, клубтық командалар, облыстық және аудандық командалар үшін спорттық жаттығулар

ü

Адамдар саны 30-ға дейін, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру, көрермендерсіз

36.

Облыстық және аудандық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындары

ü

Бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде, көрермендерсіз

37.

Фитнес-орталықтар/клубтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, СПА орталықтар/салондар, бассейндер, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері

 

ü

Сенбі және жексенбі күндерінен басқа

 

Толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 5 ш. м. кем емес болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша

38.

Халыққа оңалту қызметтерін көрсететін объектілер

ü

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтарда

39.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттар мен басқаларға) бару

ü

Жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимді және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып,

40

Мәдениет объектілері (мәдениет үйлері)

Тыйым салынған

41.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары

Тыйым салынған

42.

Мұражайлар, кітапханалар

Рұқсат етілген

43.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі

Рұқсат етілген

44.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

Рұқсат етілген

45.

АӨК субъектілері қызметі (ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.)

Рұқсат етілген

46.

Тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуі

 

 

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Опытное поле кентіне, Ушанов ауылына, Белоусовка кентіне қызмет көрсететін маршруттарды және қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда, облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуіне тыйым салынады

 

Санитариялық бекеттен өту кезінде аталған маршруттардың қоғамдық көлік құралдарының жүргізушілері «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген белгіленген үлгідегі куәлікті (хабарламаны), жол парағын, қозғалыс кестесін көрсетеді.

 

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіне, Глубокое ауданының Опытное поле кентіне, Ушанов ауылына, Белоусовка кентіне қызмет көрсететін маршруттарда:

- «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде;

- толтырылуы отыратын орындар санынан 75%-дан аспаған кезде;

- жүргізушілердің, кондукторлар мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде

47.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салынған

48.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

Тыйым салынған

49.

Қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер

ü

Жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда (таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін)) автобустар санын арттыра отырып, дезинфекциялау құралдармен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маскаларды киюлері керек

50.

Әуе қатынасы

ü

Авиарейстер санын қысқарту (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес)

51.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың)  қозғалысы

ü

Ортақ вагондарсыз (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес)

52.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

ü

Ортақ вагондарсыз (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес)

53.

Бильярд

Тыйым салынған

54.

Ойын клубтары/орындары (компьютерлік клубтар, PlayStation приставкаларын пайдаланатын клубтар және басқалар)

Тыйым салынған

55.

Боулинг

Тыйым салынған

56.

Балалар сауықтыру лагерьлері

Тыйым салынған

57.

Цирктер

Тыйым салынған

58.

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар )

Тыйым салынған

59.

Жерлеу рәсімдерін өткізу (ас беру)

Тыйым салынған

60.

Банкет  залдары

Тыйым салынған

61.

Ойын-сауық мекемелері (караоке, түнгі клубтар және басқа да орындар)

Тыйым салынған

62.

Ойыншылармен (жеке тұлғалармен) кейіннен ақша қаражатын төлей отырып бәс тігетін ұйымдар (букмекерлік және өзге де мекемелер)

Тыйым салынған

63.

Лотерея ойындарын өткізу жөніндегі объектілер және лотереяларға қатысуға арналған жабдығы (терминалдары) бар өзге де объектілер

Тыйым салынған

64.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде бұқаралық ойын-сауық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, іс шараларды (корпоративтерді) өткізу

Тыйым салынған, оның ішінде спорттық іс-шараларға

65.

Ойын-сауық агенттіктерінің және үйге барып ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың қызметтеріне (аниматорлық қызметтер, балалар шоулары, мастер-класстар, интерактивті спектакльдер және басқа да қызметтер)

Тыйым салынған

66.

Бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), әдет-ғұрыптық және басқа да іс-шаралар, оның ішінде үйде өткізу

Тыйым салынған

67.

Адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық, театрландырылған қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шаралар

Тыйым салынған

 

 

Ескертпе:

«Рұқсат етілген»

- объектінің қызметі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидалар, Алгоритмдер (талаптар) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, термометрия сақталған, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтық сақталған, белгілер салынған және тиісті дайындық актілері алынған кезде рұқсат етіледі

«ü»

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында айқындалған санитариялық қағидаларды, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде, белгі салған және тиісті дайындық актілерін алған кезде қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етіледі

«Тыйым салынған»

- объектінің қызметіне тыйым салынған

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 апреля 2021