Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
№ 4-3
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 06 наурыз Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.Е. Слямгазина,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы– 3,6%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,851 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 07 наурыздан бастап 20 наурызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;
2) 2-тармақтың 8) тармақшасындағы «профилактикалық мақсатта» деген бөлімі келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
«- медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында»;
3) 4-тармақтың 9) тармақшасындағы «кезекші топтарды қоспағанда, балалар мектепке дейінгі мекемелерінің қызметіне» деген сөз тіркесі алынып тасталсын, 9- тармақша келесі редакцияда жазылсын:
«9) Банкет залдарының жұмыс істеуі.
Банкет залдарына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30% - ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде тек жерлеу рәсімдерін (еске алу) өткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі»;
4) 8- тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«8. Қолданыстағы жұмыс режимі мыналар үшін сақталсын:
6) мектепке дейінгі балалар ұйымдары:
- міндетті түрде таңертеңгі сүзгіні өткізу, персоналдың маскалық режимді сақтауы, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді жүргізу, бірнеше топты біріктіретін іс-шараларды жүргізбеу, ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерге әкелетін адамдардың кіруіне рұқсат бермеу»;
5) 9- тармақтың 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9. Санитариялық қағидалар мен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған кезде:
4) оқытудың келесі форматы:
- дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін оқыту;
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқыту;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерін сақтау);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
- колледждердің, жоғары оқу орындарының I курс студенттерін штаттық оқыту жалғастырылсын».
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері С.Е. Слямгазина