Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 1 наурыздағы № 4-2 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

№ 4-2

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 01 наурыз                                                             Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы шешімін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы                 № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы– 4,4 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,990 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына келесідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1) 2- тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3) мыналардың:

- қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шаралардың (спорттық іс-шараларды қоспағанда), бейбіт жиналыстардың, көрмелердің, форумдардың, конференциялардың, іс-шаралардың (корпоративтердің)  өткізілуіне;

- бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде өткізілуіне;

- адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттердің және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне жол бермеуге бақылауды қамтасыз етсін»;

          2) 4-тармақ 8), 9) тармақшалармен толықтырылып, 1), 2) және 5), тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«4. Мыналарға:

1) қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шараларды (спорттық іс-шараларды қоспағанда), бейбіт жиналыстарды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, іс-шараларды (корпоративтерді) өткізуге;

2) бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) оның ішінде үйде өткізуге;

5) ойын-сауық мекемелерінің жұмыс істеуіне (караоке, түнгі және ойын клубтары /орындары (компьютерлік клубтар, PlayStation, боулингтер, букмекерлік кеңселер және басқа орындар);

8) балалар сауықтыру лагерьлерінің қызметіне;

9) кезекші топтарды қоспағанда, балалар мектепке дейінгі мекемелерінің қызметіне тыйым салу қамтасыз етілсін»;

3) 4- тармақтан 7) тармақша алынып тасталсын;

4) 5-тармақ 5-1 және 5-2 тармақшалармен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

          «5-1. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30% - ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде жерлеу рәсімдерін (еске алу) өткізуге рұқсат етілсін»;

  5-2. Жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін маскалық режимді және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттар мен басқаларға) баруға рұқсат етілсін»;

5) 7-тармақтың 7.3 тармақшасының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«7.3 апта күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі келесі объектілерге белгіленсін:

1) меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары:

- көрермендерсіз жеке (5 адамға дейін) және топтық (30 адамға дейін) жаттығуларды өткізу үшін;

          - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, тамақтанусыз, көрермендерді бір қатардың ұзындығы бойынша 2 отыратын орыннан кейін шахмат тәртібімен отырғызған жағдайда, толтырылуы 20% - дан аспаған кезде спорттық іс-шараларды көрермендермен өткізуге рұқсат етілсін»;

  6) 7-тармақтың 7.3 тармақшасының 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«9) азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО):

- толтырылуы 30% - дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған жағдайда;

- балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне толтырылуы 30% - ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде рұқсат етіледі;

- СОО-дағы қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге  ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

Азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) жексенбі күні сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ауданы 1000 ш.м. асатын азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілерінде (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін объектілер қызметкерлері қатарынан санитариялық патрульдер құру керек»;

      7) 7-тармақтың 7.3 тармақшасы 11), 12) және 13) тармақшаларымен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

      «11) цирктер:

      - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көрермендерді бір қатардың ұзындығы бойынша 2 отыратын орыннан кейін шахмат тәртібімен отырғызып, толтырылуын 30% - ға дейін қамтамасыз еткен кезде;

      12) бильярдтар:

      - толтырылуын 30%-ға дейін қамтамасыз еткен кезде;

13) балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар):

      - толтырылуын 30% - ға дейін, бірақ адамдар санын 50-ге дейінгі мөлшерде қамтамасыз еткен кезде;

8) 8- тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5) діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.):

          - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, мешіттерде намазды, оның ішінде жұма намазын залдың толтырылуы 30%-ға дейін, 1 (бір) адамға  кемінде 4 ш.м. есебінен, 2 отыратын орыннан кейін шахмат тәртібі бойынша отырғызу (орналастыру) кезінде өткізуге рұқсат етіледі;

- толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде мешіттерде  ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етіледі;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген санитариялық ережелерді, алгоритмдерді (талаптарды), күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде»;

9) 9-тармақтың 4), 6) және 8) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

4) оқытудың келесі форматы:

- дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін оқыту;

- 2021 жылғы 01 наурыздан бастап, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқыту;

- аралас оқыту аптаның 6 күні ішінде оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидасы бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту, маскалық режимді сақтау);

- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;

- колледждердің, жоғары оқу орындарының I курс студенттерін штаттық оқыту;

6) Ұлттық құрама, клубтық командалар үшін (адамдар саны 30-ға дейін, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру) спорттық жаттығулар өткізу;

8) облыстық командаларды дайындау үшін бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде оқу-жаттығу жиындарын өткізу»;

10) 10- тармақтың 2) тармақшасы  келесі редакцияда жазылсын:

«10. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті:

2) учаскелік қызметтің жұмысын отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.) анықтауға бағыттай отырып, материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға ұсыну жұмыстарын жалғастырсын және қамтамасыз етсін».

11) 17-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«17. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік секторлардың, өзге де ұйымдардың субъектілері, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда):

1) қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеу нысанын келесі форматта сақтасын: 30% – қашықтан жұмыс істеу режимі; 70% – күндізгі жұмыс істеу режимі»;

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2021 жылғы 01 наурыздан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х. Илюбаев

Дата публикации
01 марта 2021