Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы №4-1 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

№ 4-1

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 22 ақпан                                                                         Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев,

мына құжаттарды:

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 02 ақпандағы шешімін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2; «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы                 № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы– 4,5 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R – 0,975 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) 3- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

         «3. Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін»;

2) Қаулының 1-қосымшасы алынып тасталсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х. Илюбаев

Дата публикации
22 февраля 2021