Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың
алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы
№ 4
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 19 ақпан Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х. Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы; 2020 жылғы 20 желтоқсандағы; 2020 жылғы 24 желтоқсандағы, 2021 жылғы 05 қаңтардағы, 2021 жылғы 11 қаңтардағы, 2021 жылғы 02 ақпандағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2; «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы №5 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мәселелері жөнінде СЭБК АД басшыларымен Вице-министр Е. Қиясовтың төрағалығымен өткен 2021 жылғы 10 қаңтардағы; 2021 жылғы 15 қаңтардағы; 2021 жылғы 29 қаңтардағы кеңестердің хаттамаларын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 3,8%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R – 0,972 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
1) Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын;
2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылауды 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, жүзеге асырсын;
3) мыналардың:
- қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шаралардың, спорттық іс-шаралардың, бейбіт жиналыстардың, көрмелердің, форумдардың, конференциялардың, іс-шаралардың (корпоративтердің) өткізілуіне;
- бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне;
- адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттердің және басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне;
- қуаты 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерді қоспағанда, мешіттерде жұма намазының өткізілуіне жол бермеуге бақылауды қамтасыз етсін;
4) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын волонтёрлердің жұмысын жалғастырсын;
5) пәтер иелері кооперативтерімен, кондоминиумдарды басқару органдарымен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп:
- кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізуге және ылғалды жинауды;
- дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және респираторлық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыруды жалғастырсын;
6) кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайтсын;
7) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимарат үй-жайларына, қоғамдық көліктерде, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты, жер үсті жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың барлық елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырсын;
8) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша (ШҚО СЭБ департаментімен алдын ала келісім бойынша) COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден:
эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша:
- COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған адамдардың;
профилактикалық мақсатта:
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарымен Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтардың;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдардың;
- жиын пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдардың және әскери бөлімге келгеннен кейін жас толықтырулардың;
- мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден демобилизацияланған адамдардың;
- пенитенциарлық мекемелерге (қылмыстық-атқару жүйелері) түсетін адамдардың (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
- медициналық-әлеуметтік мекемелері қызметкерлерінің және жаңадан түсетін адамдарды ресімдеу кезінде, сондай-ақ кейіннен ай сайын көрсетілетін қызметті алушылардың және медициналық-әлеуметтік мекемелер персоналдарының;
эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша (ШҚО СЭБ департаментімен алдын ала келісім бойынша):
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінен әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және запасқа шығарылатын әскери қызметшілердің әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында;
- мерзімді әскери қызмет өткеру орнына әскери командаларды қабылдау және ілесіп жүру үшін тағайындалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілердің;
- қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлі емдеуге түсетін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың;
- эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша басқа да адамдардың өтуін қамтамасыз етсін;
9) тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалына, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының:
- «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде;
- толтырылуы отыратын орындар санынан 75%-дан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда);
- жүргізуші мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
1) Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 3 санитариялық бекеттің;
- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Павлодар облысы тарапынан 2 санитариялық бекеттің;
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
2) растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.
Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;
3) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;
4) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;
5) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған жағдайда (респираторлы белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;
6) коронавирустық инфекцияға күдікті адамға жедел медициналық жәрдем көлігі келгенге дейін медициналық маска немесе матадан тігілген масканы беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін.
1) қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде бұқаралық ойын-сауық іс-шараларды, спорттық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, іс шараларды (корпоративтерді) өткізуге;
2) бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізуге;
3) адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық, театрландырылған қойылымдар, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтері, шоу-бағдарламалар, концерттер және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
4) ойын-сауық агенттіктерінің және үйге барып ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың қызметтеріне (аниматорлық қызметтер, балалар шоулары, мастер-кластар, интерактивті спектакльдер және басқа да қызметтер);
5) ойын-сауық мекемелерінің жұмыс істеуіне (караоке, бильярд, түнгі және ойын клубтары /орындары (компьютерлік клубтар, PlayStation, боулингтер, букмекерлік кеңселер және басқа орындар), жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары);
6) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (2021 жылғы 14 қаңтардағы №2 қаулымен енгізілген өзгерістермен) және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 145-бабына сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезде, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде, науқастар мен байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізген кезде аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуге;
7) қуаты 150 адамға дейінгі, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерді қоспағанда, мешіттерде жұма намазының өткізілуіне тыйым салу қамтасыз етілсін.
Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.
Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (орталық қызметкерлері 14 күн тұратын стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында карантин енгізілсін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.
7.1 жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін белгіленсін:
1) қоғамдық тамақтану объектілері үшін:
- бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуын отыратын орындар санының 50% - нан асырмай, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады.
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30% - нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады.
Фудкорттардың тек тамақты алып кету мен жеткізуіне ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
7.2 жұмыс күндері, сондай-ақ демалыс және мереке күндері толтырылуы 30% - дан аспағанда, бір келушіге ауданы 4.ш.м кем болмағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, келесі объектілерге қолданыстағы жұмыс режимі белгіленсін:
1) ғимараттардың ішінде және сыртында орналасқан азық-түлік базарлары;
2) ғимараттардың ішіндегі және сыртында орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлар;
Осы тармақта көрсетілген объектілер, жексенбі күні сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Базарларда келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру керек.
7.3 аптаның күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі келесі объектілерге белгіленсін:
1) меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары:
- көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамнан аспайтын мөлшерде) және топтық (қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын мөлшерде) жаттығуларды өткізу үшін;
2) фитнес-орталықтар/клубтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, СПА орталықтар/салондар, бассейндер, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері:
- толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 5 ш. м. кем емес болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша;
3) кітапханалар, мұражайлар;
4) бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, қызметтер: адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдар (авариялық хабарлау, персоналды, техниканы жерасты позициялау жүйелері және т.б.) және басқа да кеңсе ғимараттары;
5) халыққа қызмет көрсету жөніндегі абоненттік бөлімдер бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе топта 3 адамнан аспаған жағдайда;
6) балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары, балалар секциялары, үйірмелер, факультативтер:
- топтар бір адамға 4 ш.м. есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан (ересектерден) артық болмауы керек;
7) мәдениет объектілері:
- қатысушылар саны 50 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар;
8) азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер):
- сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 ш.м.кем емес болған жағдайда;
- шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады;
9) азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО):
- толтырылуы 30% - дан аспағанда, бір келушіге ауданы 4 ш.м. кем емес болған жағдайда;
- балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып;
- СОО-ғы қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс істеуіне тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат етіледі;
Осы тармақта көрсетілген азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) жексенбі күні сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Ауданы 1000 ш.м. асатын азық-түлік емес тауарларды сататын сауда объектілерінде (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО) келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру керек.
10) сауналар:
- толтырылуы 50% - дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен жағдайда;
7.4 ғимараттардан тыс орналасқан мұз айдындарына киім ауыстыру/ келушілерді күтуге арналған үй-жайларды жаба отырып, 1 адамға ауданы 10 ш.м. мұз айдыны есебінен және толтырылуы 50%-дан аспаған жағдайда, аптаның күндері бойынша шектеусіз жұмыс режимі белгіленсін.
7.5 қалалар мен елді мекендер ішінде қоғамдық көлік үшін жұмыс режимі сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін белгіленсін, қарбалас сағаттарда (таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін)) автобустар санын арттыра отырып, дезинфекциялау құралдармен өңдеу және соңғы аялдамаларда барлық есіктерді ашу, толтырылуы отыратын орындар саны бойынша, жүргізушілердің, кондукторлардың және жолаушылардың міндетті түрде маскаларды киюлері керек.
1) азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер):
- сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 ш.м. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 ш.м. кем емес болған жағдайда жол беріледі.
Ауданы 2000 ш.м. асатын азық-түлік тауарларының сауда объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілсін;
2) дәріханалар мен дәріхана бөлшек сауда желілері, оның ішінде сауда объектілерінде орналасқан дәріханалар мен дәріхана бөлшек сауда желілері;
3) медициналық орталықтар, стоматологиялар:
- алдын ала жазылу бойынша;
4) туризм объектілері және халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.):
- толтырылуы 80%-дан аспаған жағдайда;
5) діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.):
- толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде мешіттерде намазға (бес намаз), ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етіледі;
- қуаты 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерде ғана жұма намаздың өткізілуіне рұқсат етіледі;
6) мектепке дейінгі балалар ұйымдары:
- кезекші топтар балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан артық болмауы керек;
бейімделген ғимараттарда (ойын және жатын орындары біріктірілген кезде) бір балаға 4 ш.м. есебінен;
үлгілік балабақшаларда - ойын аймағы 1 (бір) балаға 3 ш.м. (ұйықтау аймағын және тамақтану аймағын есептемегенде);
7) халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік субъектілері:
- алдын ала жазылу бойынша, келушілерге арналған күту бөлмесін/залын жаба отырып: автожуу, техникалық қызмет көрсету және көлік құралдарын жөндеу объектілері;
- жеке қызмет көрсететін (бір клиентке): ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу орындары, гүл сату дүкендері, фотосалондар, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кететін тамақтар);
- ЖҚС (жанармай құю станциялары);
8) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, халыққа жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтарда оңалту қызметтерін көрсететін объектілер;
9) театрлар мен кинотеатрлар:
- толтырылуы 30% дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде залдағы адамдар саны 100-ден аспаған жағдайда;
10) моншалар:
- бассейндердің (жеке форматта, су айнасының бір адамға 5 ш. м. есебінен), толтырылуы 50% аспаған жағдайда және бір келушіге ауданы 4 ш.м.кем болмағанда;
11) сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар (салондар және т. б.), косметологиялық қызметтерді, маникюр, педикюр, массаж және татуаж қызметтерін көрсететін объектілер:
- 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м., алдын ала жазылу бойынша.
1) Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін ХҚО жұмысы;
2) қызметтерді барынша онлайн-форматта көрсете отырып, «Қазпошта» АҚ филиалдары мен оның бөлімшелерінің жұмысы;
3) қаржы секторы субъектілерінің жұмысы (екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер) және ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығының талаптарын сақтау;
4) оқытудың келесі форматы:
- дәстүрлі форматта қалалық және ауылдық мектептерде 300 оқушыға дейінгі контингентпен, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін оқыту;
- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде - 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың және т. б.) өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып оқыту;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейту, маска режимін сақтау);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқыту;
5) тікелей режимдегі кеңестерді (отырыстарды) өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
6) Ұлттық құрама, клубтық командалар үшін бір мезгілде 30-дан аспайтын мөлшерде адамдарды жинаумен спорттық жаттығулар өткізу;
7) Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) бір мезгілде 100-ден аспайтын мөлшерде адамдарды жинаумен, көрермендердің қатысуынсыз (мінбелер бос болған кезде) өткізу;
8) облыстық командаларды дайындау үшін бір мезгілде 30 адамнан аспайтын мөлшерде, көрермендердің қатысуынсыз (мінбелер бос болған кезде) оқу-жаттығу жиындарын өткізу;
9) ауыл шаруашылығы, және азық-түлік жәрмеңкелерін ашық ауада өткізу жалғастырылсын.
1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, базарларда, сауда объектілерінде, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейтуді және халыққа байланыссыз термометрия жүргізу;
2) учаскелік қызметтің жұмысын отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және т. б.) анықтауға бағыттай отырып, рапорттар мен материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға беру;
3) үй карантиніндегі адамдарды бақылау;
4) карантиндеу орындарын күзету;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдану;
6) мереке және демалыс күндері кезеңінде көңіл көтеру және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша күшейтілген бақылау жасау жұмыстарын жалғастырсын және қамтамасыз етсін.
Карантин режимінде жұмыс істеуге қойылатын санитариялық қағидалардың белгіленген талаптарына жауап бермейтін мектептердің қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруды қамтамасыз етсін және білім беру объектілерінің офлайн режимде оқитын (жұмыс істейтін) мектеп оқушылары мен персоналының әрбір тіркелген ауру жағдайы бойынша мектептерді жоспардан тыс тексеруді 100% қамтамасыз етсін.
1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын;
2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын;
3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін;
4) үй карантині кезінде қашықтықтан бақылау үшін мобильдік қосымшаны және басқа да мобильдік қосымшаларды пайдалануды ұсынсын;
5) медициналық ұйымдарда санитариялық қағидалар мен Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қаулыларының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін;
6) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы егу пункттерінің вакцинацияға дайындығын қамтамасыз етсін;
7) халықты COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы иммундауды өткізуге дайындау мен жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді және бағалауды қамтамасыз етсін;
8) «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны жүргізу» жөніндегі уақытша әдістемелік ұсыныстардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентінің орындалуын қамтамасыз етсін.
1) InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;
2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;
3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;
4) шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін, кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;
5) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);
6) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін.
1) мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
2) мониторингтік топтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бөлігінде олардың қызметіне күшейтілген бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (2020 жылғы 14 желтоқсандағы ведомствоаралық комиссия хаттамасымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмінің» сақталуын қамтамасыз етсін;
4) халықтың елді мекендерде, ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте жүріп-тұру кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шектеу шараларын, оның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтсін;
5) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын;
6) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін:
- карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы;
- адамдардың сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы;
- енгізілетін санитариялық талаптар және бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы;
- қызметін қайта бастаған не қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету туралы;
- адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу, қабылданған шаралар туралы;
7) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандырсын;
8) халықты және БАҚ-ын толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отырсын.
1) республиканың басқа өңірлерінен, облыстардан вахталық ауысымға шығуды жоспарлайтын қызметкерлердің жұмыс орнына шығудан бес күн бұрын, жұмыс берушінің қаражаты есебінен CОVІD-19 зертханалық тексеруден өтуін;
ПТР тестілеуінің оң нәтижелері бар қызметкерлерге вахтаға шығуға тыйым салынады. Олар медициналық ұйымдарға бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етіп, жедел медициналық көмекті (мобильді топты) 103 нөмірі бойынша үйге шақыруы керек;
2) кәсіпорынның медицина қызметкерлері қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін, қызметкерлерді орталықтандырылған жинау арқылы, олардың жалпы жағдайын тексеріп, CОVІD-19 зертханалық ПТР тексерудің теріс нәтижесінің болуына тексеру жүргізуін;
3) CОVІD-19 зертханалық тексеруді куәландыратын құжаты жоқ адамдардың вахтаға және жұмысқа шығуына жол берілмеуін;
4) шектеу, оның ішінде карантиндік шаралардың сақталуын;
5) азаматтардың таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін) «қарбалас сағаттарда» жиналуына жол бермеуіне және қызметкерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді;
6) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен жұмыскерлердің өзара ауысуын орындау мен бақылауды қамтамасыз етсін.
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерге сәйкес және басқа да НҚА және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілердің санитариялық-эпидемиялогиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;
2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;
3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне, яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) келушілер мен қызметкерлердің (персоналдың) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киіп жүруін бақылау жасасын: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек.
1) қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын сақтасын (штаттық кестеде 50-ден астам қызметкер болған жағдайда);
2) 65 жастан асқан қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырсын;
3) азаматтардың «қарбалас сағаттарда»: таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін) жиналуына жол бермеу мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді қамтамасыз етсін;
4) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен қызметкерлердің өзара ауысуын қамтамасыз етсін.
1) ҚДСҰО ҒПСЭСМ филиалымен бірлесіп, міндетті түрде сапаның сыртқы бағалауды жүргізсін (ретестілеу), зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіби тестілеу);
2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес үш орамның талаптарын сақтай отырып, бекітілген нысан бойынша ілеспе жолдамаларымен бірге сынамаларды ретестілеуге ҚДСҰО ҒПСЭСМ ай сайын жеткізуді қамтамасыз етсін;
3) ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, оның облыстың қалалары мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларының (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), тегі бойынша тізімдерін және хабарламаларды, сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсынсын.
1) маскалық режимді сақтауды:
Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды:
- ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында;
- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде;
- қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде;
- COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;
- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу, жөтел) немесе ПТР не болмаса жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.
Медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек;
2) кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты:
- отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда не болмаса қызметіне рұқсат етілген объектілерде болған кезде және жүріп-тұрған кезде міндеттеледі.
Халықтың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кимеуі келесі жағдайларда:
- 5 жасқа дейінгі балаларға;
- жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар спорт және ойын алаңдарында, скверлерде, саябақ аймақтарында, жағалау және басқа арнайы орындарда 5 адамнан аспаған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде;
- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу кезінде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда;
- өкпенің созылмалы аурулары бойынша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА); өкпенің созылмалы спецификалық емес аурулары (ӨССА): өкпенің эмфиземасы, бронх демікпесінің ауыр түрлері, созылмалы облитерациялайтын бронхиолит, бронхоэктатикалық ауру, муковисцидоз, биссиноз және т. б.; декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) және басқалары) растайтын құжаттары болған кезде;
- жеке көлікте (жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен);
- елді мекеннен тыс жерлерде (табиғатта) жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен;
- заңнамада тыйым салынбаған жерлерде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде жауапкершілікке әкеп соқтырмайды.
3) денсаулық жағдайының мониторингісін:
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті (мобильді топты) үйге шақыру арқылы, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етеді;
- COVID-19 короновирустық инфекция ауруы, COVID-19-ды жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;
4) жаппай отбасылық салтанатты және еске алу шараларын оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын, қызметіне тыйым салынған объектілерге баруға жол бермеуді;
5) COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, аза тұту және жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимін сақтай отырып және іс-шараға 10 адамнан (жақын отбасы мүшелерінің қатарынан) артық жиналуына жол бермеуді;
6) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын;
Үйден дәріханаларға шығуға, жұмысқа (жұмыс істейтіндер үшін), төлемдер, зейнетақы және т. б. алу үшін мекемелерге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, жақын маңдағы жұмыс істейтін дүкеннен сауда жасау үшін, үй жануарларын серуендетуге, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа басқа тікелей қауіп төнген жағдайда» рұқсат етіледі;
7) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, жағдайдың кез келген нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін;
8) COVID-19 диагнозы расталған адамдар, COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупі жоғары адамдар ретінде:
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатқа қол қоюға, алуға және үй карантині талаптарын сақтауға;
- карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтауға;
- карантин жағдайында болған кезінде инфекцияны жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға;
- медициналық қызметкерлердің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге;
- жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;
- өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін дереу хабардар етуге (карантин кезеңінде 14 күн);
- мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын немесе қаулыларын өз құзыреті шегінде орындауға;
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинінде болу мониторингісін қашықтықтан сақтауға;
- қаулылардың талаптарын сақтауға міндетті.
- «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы № 3 қаулысының;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 02 ақпандағы № 3-1 қаулысының;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 3-2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің м.а. Х. Илюбаев
Қаулыны алдым ________________________________________________
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері м.а.
2021 жылғы 19 ақпандағы
№ 4 қаулысына
1 - қосымша
Санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етілген адамдардың (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін және т. б. көрсеткен кезде) санаты және тізбесі
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтер қызметкерлері;
- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;
- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;
- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;
- күзгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылық іс-шараларын, жол жөндеу жұмыстарын, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілер мен көліктеріне, сондай-ақ растайтын құжаттарын ұсынған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін-жұмыс орнынан берілген еркін үлгідегі, мөрмен расталған анықтама) облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары тасымалдайтын барлық жүк көліктері;
- құқығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге, саяжайларға, омарталарға, қыстақтарға бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
- жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;
-жерлеу рәсімі кезінде 10 адамнан артық және көлік құралының саны 3 –тен аспауы керек;
- келесі мәселелер бойынша Елшіліктің консулдық бөліміне баратын адамдар растайтын құжаттары болған жағдайда: консулдық есеп (қою, алу), азаматтық, төлқұжаттарды тіркеу, Ресей Федерациясының азаматының ант беруі және Ресей Федерациясының шетелдік паспортын бірінші рет рәсімдеу, дайын паспорттарды алу, азаматтығының жоқ екендігі туралы анықтама, азаматтықтан шығу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігіне азаматтық туралы белгі қою (14 жасқа дейін), қайтару туралы куәлікті рәсімдеу, виза мәселелері, УТР ресімдеу және т. б.;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, мемлекеттік органдарға виза алуға баратын шетелдік тұлғалар (олардың өкілдері);
- растайтын құжаттары болған жағдайда, ұялы және спутниктік байланыс операторлары мен телекоммуникациялық қызметтердің авариялық бригадаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;
- арнайы және құқық қорғау органдарының, инкассация қызметтерінің, жеке күзет фирмаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;
- растайтын құжаттары қызметтік рұқсаттамалар (болған кезде) немесе жұмыс беруші берген анықтамалар болған жағдайда мамандандырылған мердігерлік ұйымдардың қызметтік көлігімен жүретін қала кәсіпорындарының көлік құралдары мен қызметкерлері;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, іссапарға жіберілген тұлғалар және уақытша іссапарға жіберілген адамдар мен көлік құралдары;
- растайтын құжаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамасы) болған жағдайда, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеген және карантиндік аймақтан тыс жерде тұратын адамдардың тұрақты тұратын жеріне қайтуы;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, он төрт күндік үй карантиніне жібере отырып, тіркелген көлік құралдары мен жеке тұлғалар;
- демалыс базалары мен аймақтарына жолдамасы бар, сондай-ақ емдік дене шынықтырудан (ипотерапиядан) өту үшін, растайтын құжаттары бар көлік құралдары мен жеке тұлғалар (ұйымдастырылған туристік топтар);
- Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, республикалық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін ұлттық құрама, клуб командаларының көлік құралдары мен спорт командалары (спортшылар, жаттықтырушылар құрамы және т. б.);
- құжаттарды, посылкаларды, жүктерді курьерлік экспресс-жеткізу қызметтерін ұсынатын көлік құралдары мен субъектілер қызметкерлері;
- растайтын құжаттары болған жағдайда, оқу орнына қайта оралған оқушылар.