Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 12 ақпандағы №3-2 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 3-2

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 12 ақпан                                                                Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 02 ақпандағы шешімін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2; «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы № 5 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы                 № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 4,1 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R – 0,991 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы № 3 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 14 ақпаннан бастап 27 ақпанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;

Ескерту:

Осы тармақша 2021 жылғы 14 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

2) 2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3) мыналардың:

- қоғамдық тамақтану объектілерінде, ойын-сауық объектілерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде және кеңселерде ұйымдастырылған ұжымдардағы бұқаралық ойын-сауық іс-шаралардың, спорттық іс-шаралардың, бейбіт жиналыстардың, көрмелердің, форумдардың, конференциялардың, іс- шаралардың (корпоративтердің)  өткізілуіне;

- бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне;

- адамдар көп жиналатын жерлерде (алаңдарда, скверлерде, саябақтарда, серуендеу және жағалау аймақтарында), оның ішінде жабық үй-жайларда (концерт залдары, клубтар) бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттер мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне;

- қуаты 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерді қоспағанда, мешіттерде жұма намазының өткізілуіне жол бермеуге бақылауды қамтасыз етсін»;

3) 2-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«8) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп, COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден:

эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша:

- COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған адамдардың;

профилактикалық мақсатта:

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарымен Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтардың;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдардың;

- жиын пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдардың және әскери бөлімге келгеннен кейін жас толықтырулардың;

- мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден демобилизацияланған адамдардың;

- пенитенциарлық мекемелерге (қылмыстық-атқару жүйелері) түсетін адамдардың  (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерінің және жаңадан түсетін адамдарды ресімдеу кезінде, сондай-ақ кейіннен ай сайын көрсетілетін қызметті алушылардың және медициналық-әлеуметтік мекемелер персоналдарының;

эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша (ШҚО СЭБ департаментімен алдын ала келісім бойынша):

-Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінен әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және запасқа шығарылатын әскери қызметшілердің әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында;

- мерзімді әскери қызмет өткеру орнына әскери командаларды қабылдау және ілесіп жүру үшін тағайындалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілердің;

- қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлі емдеуге түсетін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың;

- эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша басқа да адамдардың өтуін қамтамасыз етсін»;

4) 4-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«4.Мыналарға:

7) қуаты 150 адамға дейінгі, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерді қоспағанда, мешіттерде жұма намазының өткізілуіне тыйым салу қамтасыз етілсін»;

5) 8-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5) діни бірлестіктер объектілері үшін (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.)

- толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде мешіттерде  намазға (бес намаз, ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етіледі;

- қуаты 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерде ғана жұма намаздың өткізілуіне рұқсат етіледі»;

6) 16-тармақ 4) тармақшамен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:

«16. Меншіктің барлық нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері:

4) келушілер мен қызметкерлердің (персоналдың) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киіп  жүруін бақылауды қамтамасыз етсін: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек».

7) 19-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«19. Жеке тұлғалар мыналарды қамтамасыз етсін:

1) маскалық режимді сақтауды:

Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды:

- ашық ауада (көшеде, үйден тысқа шыққанда), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында;

- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде;

 - қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде;

- COVID-19-ға күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу, жөтел) немесе ПТР не болмаса жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.

Медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек».

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х. Илюбаев

Дата публикации
12 февраля 2021