Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 22 қаңтардағы №2 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы  №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 2

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 22 қаңтар                                                              Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы; 2020 жылғы 20 желтоқсандағы; 2020 жылғы 24 желтоқсандағы, 2021 жылғы 05 қаңтардағы, 2021 жылғы 11 қаңтардағы шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулыларын;

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы                 № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 6,6 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R – 1,002 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы № 26 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 25 қаңтардан бастап 7 ақпанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін».

2) 3- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

         «3. Курчатов қаласының, Бесқарағай, Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:

1) - Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Павлодар облысы тарапынан 2 санитариялық бекеттің;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін  қамтамасыз етсін;

2) растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

         Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;

3) қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия жүргізу және респираторлық аурулар симптомдары мен COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілерінің болуына сауалнама жүргізу арқылы санитариялық бекеттерде бақылауды қамтамасыз етсін, деректерді ескере отырып және кейіннен ошақтарды оқшаулау орталығын (ОАО) хабардар етсін;

4) барлық жұмылдырылған қызметтерді биологиялық қауіпсіздік режимімен және оларды жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, жеке бас гигиена жағдайларымен қамтамасыз етсін;

5) жұқпалы ауруларға, оның ішінде COVID-19-ға күдікті адамдар анықталған жағдайда (респираторлы белгілерінің болуы (жөтел, дене қызуының көтерілуі (сұралушының айтуы бойынша), тынысының тарылуы) 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін;

6) күдікті адамға жедел медициналық жәрдем көлігі келгенге дейін медициналық маска немесе матадан тігілген масканы беруді және қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін.

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қаңтардағы № 27 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы 2021 жылғы 25 қаңтардан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х.Илюбаев

Қаулыны алдым ________________________________________________

_______________________________________________________________

                           (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.

2021 жылғы 22 қаңтардағы

№ 2 қаулысына

  1-қосымша

 

 

Санитариялық бекеттер арқылы кедергісіз кіруге/шығуға рұқсат етілген адамдардың  (жол парақтарын, жұмысқа арналған нарядтарды, жоспар-тапсырмаларды, тауар жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін және т. б. көрсеткен кезде) санаты және тізбесі

 

 

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтер қызметкерлері;

- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;

- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;

- транзиттік жолаушылар мен жүктерді автотасымалдаушылар;

- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;

- күзгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылық іс-шараларын, жол жөндеу жұмыстарын, бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық отынды және ЖЖМ жеткізушілер мен көліктеріне, сондай-ақ растайтын құжаттарын ұсынған кезде (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін-жұмыс орнынан берілген еркін үлгідегі, мөрмен расталған анықтама) облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тауарлары, жабдықтары мен материалдары тасымалдайтын барлық жүк көліктері;

- құқығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қала сыртындағы үйлерге, саяжайларға, омарталарға, қыстақтарға бару үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келетін адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);

- жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

-жерлеу рәсімі кезінде 10 адамнан артық және көлік құралының саны 3 –тен аспауы керек;

- келесі мәселелер бойынша Елшіліктің консулдық бөліміне баратын адамдар растайтын құжаттары болған жағдайда: консулдық есеп (қою, алу), азаматтық, төлқұжаттарды тіркеу, Ресей Федерациясының азаматының ант беруі және Ресей Федерациясының шетелдік паспортын бірінші рет рәсімдеу, дайын паспорттарды алу, азаматтығының жоқ екендігі туралы анықтама, азаматтықтан шығу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігіне  азаматтық туралы белгі қою (14 жасқа дейін), қайтару туралы куәлікті рәсімдеу, виза мәселелері, УТР ресімдеу және т. б.;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, мемлекеттік органдарға виза алуға баратын шетелдік тұлғалар (олардың өкілдері);

- растайтын құжаттары болған жағдайда, ұялы және спутниктік байланыс операторлары мен телекоммуникациялық қызметтердің авариялық бригадаларының қызметкерлері мен  көлік құралдары;

- арнайы және құқық қорғау органдарының, инкассация қызметтерінің, жеке күзет фирмаларының қызметкерлері мен көлік құралдары;

- растайтын құжаттары қызметтік рұқсаттамалар (болған кезде) немесе жұмыс беруші берген анықтамалар болған жағдайда мамандандырылған мердігерлік ұйымдардың қызметтік көлігімен жүретін қала кәсіпорындарының көлік құралдары мен қызметкерлері;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, іссапарға жіберілген тұлғалар және уақытша іссапарға жіберілген адамдар мен көлік құралдары;

- растайтын құжаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтамасы) болған жағдайда, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеген және карантиндік аймақтан тыс жерде тұратын адамдардың тұрақты тұратын жеріне қайтуы;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, он төрт күндік үй карантиніне жібере отырып, тіркелген көлік құралдары мен жеке тұлғалар;

- демалыс базалары мен аймақтарына жолдамасы бар, сондай-ақ емдік дене шынықтырудан (ипотерапиядан) өту үшін, растайтын құжаттары бар көлік құралдары мен жеке тұлғалар (ұйымдастырылған туристік топтар);

- Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, республикалық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін ұлттық құрама, клуб командаларының көлік құралдары мен спорт командалары (спортшылар, жаттықтырушылар құрамы және т. б.);

- құжаттарды, посылкаларды, жүктерді курьерлік экспресс-жеткізу қызметтерін ұсынатын көлік құралдары мен субъектілер қызметкерлері;

- растайтын құжаттары болған жағдайда, оқу орнына қайта оралған оқушылар.

Дата публикации
22 января 2021