Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы 2021 жылғы 10 қаңтардағы №27 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың

алдын алу жөніндегі шаралар туралы

№ 27

ҚАУЛЫ

 

2021 жылғы 10 қаңтар                                                              Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:

         Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы; 2020 жылғы 20 желтоқсандағы; 2020 жылғы 24 желтоқсандағы  шешімдерін;

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы №65; «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауында сайлау алды үгітті жүргізу кезінде  COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №66; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулыларын;

«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,

«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Қ. Ахметов бекіткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды өткізу кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын,

CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы–7,0 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R–0,95 құрағанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1. Сайлау комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 33-қосымшасының III-тарауының 1.2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес профилактикалық мақсатта ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуге жататын контингент болып айқындалсын және 72 сағат мерзімге үйде оқшаулансын (үй карантині).
  2. Сайлау комиссияларының мүшелері:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үйде оқшаулау (үй карантині) шарттары мен талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау қорытындыларын шығару аяқталған сәттен бастап 72 сағат мерзімге үйде өзін-өзі оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етуге;

2) 72 сағат өткеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 бақылау тестілеуінен өтуге міндетті.

Оң нәтиже болған жағдайда - жұмыстан шеттетілуге жатады; COVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын белгілер болған кезде - емдеуге жатады; теріс нәтиже болған кезде - өз лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

  1. ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мыналарды қамтамасыз етсін:

1) 72 сағат ішінде үйде оқшауланған (үй карантиніндегі) сайлау комиссияларының мүшелерін медициналық бақылауды;

2) сайлау комиссияларының мүшелеріне үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайында ПТР әдісімен COVID-19-ға бақылау тестілеуін ұйымдастыруды және өткізуді.

  1. Қалалар мен аудандар әкімдері:

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауы өткізілген объектілердегі дауыс беруге арналған үй-жайларға мамандандырылған ұйымдармен қорытынды дезинфекциялауды жүргізуді;

2) аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына қорытынды дезинфекцияның жүргізілгенін растайтын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің м.а.                                                                                                Х. Илюбаев

Дата публикации
11 января 2021