Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Садықбекұлы Нышановтың төрағалығымен Департамент қызметкерлері мен аумақтық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары ( онлайн) және Түркістан облысы ҰСО филиалы директорының, Түркістан облысы дезинфекция орталығы басшы м.а. қатысуымен апталық лездемелік жиналыс өтті.
Жиналыста ҚР Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі бойынша облыста профилактикалық егумен қамтылу туралы баяндама оқылып, талқыланды.
Аумақтық СЭББ басшыларына профилактикалық егу жұмыстары бойынша тиісті жұмыстардың қадағалануы тапсырылды. Сонымен қатар, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша заң аясында жұмыс жүргізу, қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде жауап беру міндеттелді.
Департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы өзекті мәселелерге тоқталып, әр салада атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, ұсыныстарды тыңдады.