Ойыншықтар туралы

Ойыншықтар туралы

Қазақстанда балалар ойыншықтарына қойылатын талаптар Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде нақты жазылған. Біздің нарықтағы балаларға арналған ойыншықтардың әрбір жеткізушісі жоғарыда аталған техникалық регламентті ұстануға, сонымен қатар, сәйкестік сертификатын алуға міндетті. Сондықтан қауіпсіз ойыншықты таңдаудағы басты кеңес-сатушыдан тиісті сертификатты талап ету. Қауіпсіздігін растайтын сертификаттың болуы: ойыншықтардың зертханада болғанын және химиялық, радиациялық, токсикологиялық және басқа көрсеткіштер бойынша тексеруден өткенін көрсетеді.

Ойыншықтарды сатып алу кезінде, белгілі бір ақпарат жиынтығымен таңбалауға назар аудару керек:
1. Ойыншықтың атауы
2. Өндіруші ел
3. Дайындаушының, импорттаушының атауы және орналасқан жері, онымен байланысуға арналған ақпарат
4. Дайындаушының тауар белгісі (бар болса).
5. Ойыншық арналған баланың ең төменгі жасы немесе баланың жасын көрсететін пиктограмма.
6. Дайындалған күні (айы, жылы).
7. Қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (оларды белгілеу кезінде)
8. Ойыншыққа күтім жасау тәсілдері және сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).
Қаптамада жоғарыда аталып өткен ақпараттап толық қамтылмаса, тауардың сапасыз екендігінің бірден бір себептері болып табылады.
Балаларға қауіпсіз ойыншықтарды таңдаңыз!