Wipon cashback қосымшасын пайдаланыңыз!

Wipon cashback қосымшасын пайдаланыңыз!

Қосымша App Store және Play market платформаларынан жүктеп алуға болатын өнімдердің түпнұсқалығы туралы ақпарат алмасуға арналған тегін қосымша. Тіркелу үшін телефон нөміріңізді және оған автоматты түрде жіберілетін SMS кодын енгізсеңіз жеткілікті.

​Қолданбаның негізгі бетінде сіз танымал қызметтерді пайдалана аласыз немесе шағым жасай аласыз.

Танымал қызметтерге мыналар жатады:

  • фискалдық чекті сканерлеу;
  • өнімнің штрих-кодын сканерлеу;
  • акциздік таңбаны сканерлеу.

Қызметтердің ішінде «Өнімнің штрих-кодын сканерлеу» функциясы арқылы штрих-кодты пайдалана отырып, сатып алынған өнім туралы, мейлі ол азық-түлік немесе тұрмыстық тауарлар болсын ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Демек, қолыңыздағы смартфондағы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы өнімнің қауіпсіздігі туралы ақпараттармен таныс бола аласыз.

Сондай-ақ, егер тауар санитариялық-эпидемиологиялық тексеруден өтпесе, Сіз тауардың сараптамадан өтуіне дауыс бере аласыз.