Қыс мезгілі өтіп, күн жылынып кене шағу маусымы басталуда! Кене шақса, дәрігерге қаралыңыз!

Қыс мезгілі өтіп, күн жылынып кене шағу маусымы басталуда!                                Кене шақса,  дәрігерге  қаралыңыз!

Көкала (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы) – өткір вирусты, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы нейровирус қоршаған ортаға төзімсіз, оның тасымалдаушысы ретінде 27-ден астам түрі бар Иксод кенесі болып табылады. Иксод кенелері қансорғыш жәндіктердің қатарына жатады. Көктем, жаз айларында өсіп-өнуі үшін белсенділік танытып, жануарларға сонымен қатар малдарға және адамдарға қан сору үшін шабуыл жасайды. Адам денесіне білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып, қан сорады. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады.Көкала адамдар жеке басын қорғамай кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін. Ауырған адам қатынастағыларға қауіп төндіреді. Аурудың қоздырғышы аурудың қанынында ішкі ағзалардан қан кеткенде, құсықта, нәжісте болады. Көкала ауруының жасырын кезеңі 2 күннен 12 күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Басы, буындары сырқырап ауырады, көзі мен тамағы қызарып, тамаққа тәбеті болмайды. Аурудың екінші, бесінші күндері мұрнынан, асқазан, ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні басып көргенде немесе шымшығанда қанталап, көгеріп кетеді. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе ауру асқынып, өлім жағдайына алып баруы, сонымен қатар қасындағы адамдарғада жұқтырып, таратуы мүмкін. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде немесе кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну керек.

Кене шаққанын байқасаңыз:

-міндетті түрде дәрігерге қаралыңыздар.

-кененің басы теріге кірген жеріне өсімдік майын тамызып, абайлап жіппен немесе қысқышпен (пинцет) шығарып алып отқа жағыңыз.

-шаққан жерді йод ерітіндісімен сүрту керек.

-қой қырқымы немесе малға күтім жасаған кезде, қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім кигеніңіз жөн.

-орман, тоғайда жүргенде мал қораны тазалаған кезде үстіңізді мұқият қарап жүріңіз.

-өрістен келген малдардан, мал қорадан кене көрсеңіз, оны қолғаппен алып,отқа жағыңыз. Еш уақытта қолмен кенені езбеңіз. Сақ болыңыздар!