Эхинококкоз ауруы туралы не білеміз?

Эхинококкоз  ауруы туралы не білеміз?

         Эхинококкоз – адам денсаулығы үшін өте қауіпті ауру.  Эхинококк – эхинококкоз ауруын туындатады. Бұл паразит  адам ағзасының кез-келген  жерінде өмір сүре береді, алайда ол бауырды, өкпені, миды  көбірек зақымдайды. Көп  жағдайда   адам эхинококкты  иттен жұқтырады. Бұл ауру жұққан кезде организмде  эхинококкті көпіршік қалыптасып, оның мөлшері алманың және әңгелектің үлкендігіндей  мөлшерге жетеді. Аурудың зардабы өте қауіпті.  Эхинококк көпіршіктері  мөлшерінің кішкентай кезінде  адамда ешқандай ауырсыну болмайды. Алайда, эхинококк көпіршіктері  белгілі дәрежеде ұлғайған кезде адам мүшесі бүліне бастайды және өз қызметін дұрыс атқара алмайды.

        Эхинококкозды тек шұғыл хирургиялық  жолмен емдеуге болады. Дер кезінде хиррургиялық ем-дом жасалмаса адам өліміне әкеліп соқтырады. Бұл аурудың алдын алудың басты шарасы бірінші кезекте, әсіресе итпен жанасқаннан кейін жеке бас тазалығын сақтау болып табылады. Қоғамдық тұрғыдағы  алдын алу шарасына иесі жоқ иттерді аулап, көзін жою жатады.