Балалар тағамын дұрыс таңдаңыз

Балалар тағамын дұрыс таңдаңыз

Тамақтану — балалардың денсаулығын қалыптастыру мен сақтаудың, олардың үйлесімді дамуының маңызды факторы. Қазіргі ата-аналар, ата-әжелер өсіп келе жатқан ағзаны қажетті заттармен (ақуыздар, майлар, көмірсулар, микроэлементтер мен дәрумендер) барынша толық қамтамасыз ете алатын балаға сапалы өнімді таңдау үшін балалар тағамы мәселелерін басшылыққа алуы керек.

Балалар тағамын сатып алу қиын емес. Алайда,сапалы өнімді таңдау өте қиын. «Қандай тағамды сатып алған дұрыс? Балалар тағамының жапсырмасындағы ақпаратта не болуы керек?» — деген сұрақтарға Сіздер жауапты «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде» (КО ТР 022/2011) Кеден одағының техникалық регламент талаптарынан таба аласыздар.

Тікелей дүкеннен балалар тағамын сатып алғанда, сіз өнімді қолыңызға алып, оны мұқият тексеруіңіз керек.

         Құрамы:

Тыйым салынған компоненттерден басқа, балаңыз сезімтал өнімнің құрамындағы аллергендерді тексеріңіз. Егер сіздің балаңыз аллергияға бейім болса, ықтимал қалдықтар туралы ескертулерге назар аударыңыз.

         Сәбилерге арналған тамақ өнімдерінде әйелдер сүтін алмастырғышта май қышқылдарының трансизомерлері жалпы май қышқылдарының 4 пайызынан аспауы тиіс.  Балалар тағамына арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде бензой, сорбин қышқылдары мен олардың тұздарын пайдалануға тыйым салынады. Сүт және сүт өнімдері балалар тағамында ерекше орын алады. Бұл оңай сіңетін ақуыздың, кальцийдің, фосфордың және В2 витаминінің бай көзі.

Таңбалануы: 

-Таңбалауда «балалар тамағы» деген жазу шрифт өлшемі кемінде негізгі шрифтпен бірдей болуы тиіс.

-Емізу сүтін алмастырғыштардағы таңбалау мәтінінде емізудің артықшылықтары туралы ақпарат болуы керек.

- Жарамдылық мерзімі;

- Жас бойынша ұсыныстар;

- Өнімнің құрамы (оның ішінде тағамдық қоспалар);

- Дайындау әдісі.

Егер сіз әйгілі балалар тағамы брендінің қаптамасында жоғарыда аталған тармақтарды көрмесеңіз, сіздің алдыңызда жалған өнім болуы мүмкін. Себебі жапсырмада/қаптамада көрсетілген барлық ақпарат үшін балалар тағамын өндіруші заң бойынша жауап береді. Дегенмен, тіпті балаларға арналған ең керемет, сапалы және пайдалы тағам, егер ол орынсыз пайдаланылса немесе нұсқауларды бұзса, ондай болмай қалады. Балалар тағамын сатып алмас бұрын, жарамдылық мерзіміне, қаптаманың қауіпсіздігіне және жапсырмада көрсетілген арналаған жасқа назар аударған жөн. Сонымен қатар, құрамын мұқият зерделеу керек: жоғары сапалы балалар тағамының құрамында қант, ГМО, жасанды бояғыштар мен хош иістер, сондай-ақ тұз бен картоп крахмалы болмауы керек.

Дүкендегі өнімдерді таңдағанда, қаптаманың кездейсоқ зақымдалмағанына көз жеткізіңіз: тесілген, ісінген немесе жыртылған болмау керек.

Сақ болыңыздар! Қаптамадағы жарамдылық мерзімі және оның жарамды күйі нәрестенің денсаулығы мен Сіздің жақсы көңіл-күйіңізді сақтауға көмектеседі!