
Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың негізгі ерекшеліктері:
Респираторлық инфекция деп аталу себебі инфекция тыныс алу жолдарына әсер етеді және ауа тамшылары арқылы беріледі.
ЖРВИ қоздырғыш вирустары өте жұқпалы: микроскопиялық сілекейдің бір тамшысы ауруды бір адамнан екінші адамға сөйлесу немесе дене байланысы арқылы беру үшін жеткілікті.
ЖРВИ жұқтыру себебі 200-ден астам патогенді қамтитын кең топтағы кез келген вирус болуы мүмкін. Бұл аденовирустар, риновирустар, коронавирустар (олардың қауіптілігі әр түрлі), парагрипп вирустары және басқа микроорганизмдер.
Маусымдық ЖРВИ-де инкубациялық кезең аз: әдетте аурудың алғашқы белгілері жұқтырған адаммен байланыста болғаннан 2-3 күннен кейін пайдаболады.
Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бұл жоғарғы тыныс жолдарының вирустық ауруларының кең таралған тобы, аурудың дамуы кезінде бактериялық инфекция қосылуы мүмкін. ЖРВИ-нің негізгі белгілері-мұрынның ағуы, жөтел, түшкіру, бас ауруы, тамақ ауруы, әлсіздік.
Тұмау мен ЖРВИ алдын алу үшін бүгінгі күні дәрі-дәрмектердің кең таңдауы бар. Алайда тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
ЖРВИ алдын-алудың негізгі шаралары- дұрыс тамақтану, суды көбірек ішу, алкоголь мен темекі өнімдерн тұтынбау және суық тиюден сақтану.
Бөлмені үнемі желдету тұмау мен ЖРВИ алдын-алудың маңызды шарты болып табылады.
Ең бастысы-жеке гигиена ережелерін есте сақтау. Ауырған адамдармен байланыста болмаңыз. Эпидемия кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде болудан аулақ болыңыз, бұқаралық іс-шараларға, әсіресе жабық үй-жайларда өткізілетін жиындарға бармаңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!