Коронавирус жіті респираторлық вирустық инфекция жеңіл және ауыр түрде өтетін аса қауіпті ауру болып табылады. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген жағдайларда (шамамен 80%) адамдарда емдеулерсіз сауығып кетеді. Аурудың ауыр түрлері қарт адамдарда және демікпе, диабет және жүрек аурулары бар адамдарда дами алады. Вирус құрамында вирусы бар тамшылар арқылы жөтелу немесе түшкіру кезінде, сондай-ақ көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі арқылы таралады. Вирус заттардың бетіне түсіп, бірнеше сағат бойы өмір сүруге қабілетті.
Коронавирустық инфекциясының ең көп кездесетін белгілері- дене қызуының көтерілуі (38 С дейін) және құрғақ жөтел, кейде тамақ ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауру, бас ауру және ентігу сияқты белгілер пайда болады. Сирек кездесетін белгілер – мұрын ағуы және диарея.
Коронавирустық инфекциясының (COVID-19) пайда болуы мен таралуын болдырмау шаралары:
-қол гигиенасын сақтау, таза қол – вирустың аузыңыз бен мұрныңызға және айналаңыздағыларға тигенде жұқтырмайтындығыңызға кепілдік. Мүмкіндігінше, әсіресе қоғамдық көлікті пайдаланғаннан кейін, көшеде және қоғамдық орындарға барғанда, тамақтанар алдында және одан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе дизинфекцияға арналған құралдарды қолданыңыз. Қолыңызды кез-келген ортада тазарту үшін қол тазартқышты қолданыңыз. Бұл қарапайым шаралар сіздің қолыңыздан вирустарды алыптастауға көмектеседі;
-өзіңіз тұратын бөлмені тұрмыстық жуғыш заттарды қолданып тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырыңыз;
-қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде бетперде киіңіз;
-тыныс алу этикасын сақтау, жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды иілген шынтақпен немесе бір рет қолданылатын майлықпен жауып, кейіннен міндетті түрде қолды жуыңыз;
-әлеуметтік қашықтық сақтау;
-адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
-респираторлық инфекцияның белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу;
Жалпы алғанда, вирустармен, соның ішінде COVID-19 вирусымен күресте біздің иммунитетіміз басты рөл атқарады. Тиімді емделу үшін ең жақсы дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Алайда, егер иммунитетіміз әлсіресе, вирусты қайтадан жұқтыруымыз әбден мүмкін. Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз. Егер сізде қызба, жөтел және ентігу болса үй жағдайында оқшауланып, дәрігерге хабарласыңыз.
Бүгінгі таңда COVID-19 дан қорғанудың ең тиімді жолы - екпе салдыру. Егер біз өзімізді COVID-19 вирусын жұқтырудан қорғай алмасақ, онда ағзамызға осы вирусты жеңуге мүмкіндігінше көмектесуіміз және пандемия кезінде барлық күшімізді ең әуелі иммунитетті нығайтуға жұмылдыруымыз керек