
Қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактерия. Жануарлар мен адамның жіті аса қауіпті жұқпалы ауруы. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Терілік түрі жиі кездеседі, ал сирек өкпе мен ішекті жене асқынуы — сепсис түрі. Бүгінгі таңда, Арыс қаласында сібір жарасының расталған жағдайы тіркелген жоқ. Дегенмен, үй қожалығы және үй жанауарлары бар әрбір тұрғын сібір жарасының қандай инфекция екенін білуі керек.
Сібір жарасын адамға жұқтырушы – үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа). Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.
Инфекцияның берілу жолдары:
сібір жарасы бактериясымен ластанған топырақпен егістікте жұмыс істеген кезде;
Аурудың инкубациялық кезеңінің орташа ұзақтығы 2-3 күнді құрайды,бірнеше сағаттан 8-14 тәулікке дейін ауытқуы мүмкін.
Ауру тез басталады: алғашқы сағатта - дене температурасы 38-40 градусқа дейін күрт жоғарылайды және әлсіздік пайда болады.
Сібір жарасының белгілері:
- қатты бас ауруы;
- ісіну мен қышудың тез өсуімен, карбункул пайда болады (тері зақымданғанда);
- кеуде ауыруы (өкпе түрі жағдайында);
- тұншығу (өкпе түрінде);
- қан қоспасы бар диарея (ішек түрі жағдайында);
- іштің түйіліп аурулары (ішек жағдайында);
- қан қоспасы бар құсу (ішек түрі жағдайында).
Егер емдеу уақытында басталса, науқастар сауығады. Аурудың ауыр ағымы науқастың өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан, сібір жарасына жоғарыдағыдай күдікті белгілерін болса, дереу медициналық қызметке жүгіну қажет. Емдеу тек аурухана жағдайында жүргізіледі.
Сібір жарасы инфекциясынан қалай сақтануға болады:
Өзіңізді және жақындарыңызды ауыр кеселден сақтану үшін жоғарыда аталған сақтық шараларды қатаң сақтаңыз! «Денсаулық-зор байлық». Сондықтан сақ болайық!