Ботулизм

Ботулизм

📌Ботулизм – жоғары өліммен сипатталатын, жүйке жүйесіне зақым келтіретін ауыр тағамдық токсикоинфекция. Бактериядан бөлінетін Clostridium botulinum токсині бүгінгі таңда ең қауіпті биологиялық улардың бірі болып табылады.

📌Ботулизм қоздырғыштарының споралары топырақ немесе ішек құрамы ластанған жануарлар, құстар және балықтардан жасалынған кез-келген тамақ өнімдерінде болуы мүмкін. Ауру анаэробты жағдайда сақталған (оттегінің болмауы) консервіленген өнімдер, әсіресе үйде дайындалған өнімдер, сонымен қатар шұжықтар, ысталған және тұздалған балық, бұқтырылған ет өнімдерін пайдаланғанда ғана пайда болуы ықтимал.

📌Ботулизмнің алғашқы белгілері байқалған кезде дәрігерге көріну қажеттігін және  ешқашан үйде өз бетімен  емделуге болмайтындығын ұсынады. Оған себеп,  аурудың дамуы өте жылдам жүреді, алғашқы 2-24 сағатта әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып, бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей  шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып, мұрын арқылы сөйлейді. Ауырған адам дер кезінде ем қабылдамаса, тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруынан өлімге  әкеліп соқтыруы мүмкін.

📌Аурудың алдын алудың басты профилактикасы тамақ өнімдерін консервілеуде санитариялық және технологиялық қағидаларын қатаң сақтауға негізделген. Консервілеуге ластанбаған, бүлінбеген және бүтіндігі бұзылмаған өнімдер қолданылуы тиіс , сонымен қатар өнімдерді мұқият жуып, дайындау рецептурасын (қышқыл мен тұздың жеткілікті концентрациясы) сақтап, консервілеуге арналған банкілерді термиялық өңдеуден өткізу қажет. Үй жағдайында жасалған консервілерін қоғамдық сауда орындарында кездейсоқ адамдардан сатып алмауға және де қаптаманың бүтіндігі бұзылған және консервіленген өнімнің қақпағы көтерілген белгілері бар өнімдерді қолданбауға кеңес береді.