Вирусты гепатит

Вирусты  гепатит

Вирусты гепатит А-бауырға зақымдайтын, жедел және қысқа мерзімді белгілермен сипатталатын жұқпалы ауру. А гепатитінің қоздырғышы-бауыр жасушаларында көбейетін вирус. Науқастардың 60% – дан астамы-3-7 жастағы балалар.
А гепатиті қалай жұғады: қоздырғыш ішек инфекциясы тобына жатады, сондықтан ластанған су мен азық түлік өнімдерді тұтыну, гигиенаны сақтамау арқылы жұғады. А гепатиті вирусы сыртқы ортаға науқастардың, сондай-ақ инфекцияны тасымалдаушылардың немесе аурудың жойылған түрімен ауыратын науқастардың нәжісімен бөлінеді. Дені сау адамның асқазан-ішек жолына түскеннен кейін ол қан арқылы гепатоциттерге еніп, оларды бұзады. Ауру күзде және қыста көбейеді, ал жаз айларында сирек кездеседі. Инфекциядан кейін өмір бойғы иммунитет қалыптасады.

Вирустық гепатит А белгілері:
Вирустық гепатит А кезең-кезеңімен жүреді.
Инкубациялық кезең 2 аптадан бір айға дейін. А гепатитінің белгілері жоқ, бірақ қанда вирус бар және бауыр функциясының бұзылуы байқалады.
Сарғаю алдындағы кезең 3-тен 8 күнге дейін созылады. Балалардағы А гепатитінің белгілері айқын білінеді: қызба, интоксикация, қатты әлсіздік, жүрек айну, бауыр және бас ауруы, ұйқы мен нәжістің бұзылуы. Баланың мінезі құлқы өзгеріп, ашуланшақ бола бастайды. 1-2 күннен кейін температура төмендейді және науқастың жағдайы біршама жақсарады. Осы уақытта ересектерде бірдей белгілер байқалуы мүмкін, бірақ жеңілірек түрде өтеді.
Сарғаю кезеңі 2 аптаға дейін созылады. Бұл жағдайда А гепатитінің белгілері әлсірейді, науқастардың көпшілігінің жағдай қалыпқа келе бастайды. Зәрдің қараюы және нәжістің түсінің өзгеруі, сарғаю білінеді. Бауыр ұлғаяды. Сарғаюдан кейінгі кезең ұзаққа созылады. Осы уақытта бауырдың біртіндеп қалпына келуі байқалады.

Вирусты  гепатит А алдын алу.
Эпидемияға қарсы шаралар:
-ауру жағдайы анықталған кезде барлық байланыстағы адамдар шұғыл тексеріледі және эпидемияны ерте анықтау үшін анализге қан алынады;
-ауру ошағында ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізіледі,
-су мен өнімдердің сапасын мұқият бақылайды;
Науқаспен байланыста болған адамдарға иммуноглобулин түріндегі дайын антиденелер енгізіледі. Иммуноглобулин-бұл А гепатитіне қарсы вакцина емес, тек ағзаны вирустан қорғаудың шарасы. Ол ошақта ауру диагнозы қойылғаннан кейінгі алғашқы 7 күнде енгізіледі.
Баланы вирустан сенімді қорғаудың жалғыз жолы- вакцинация.
А гепатитіне қарсы вакцинация 2 рет: бала бір жасында, содан кейін тағы 6-12 айдан кейін жасалады. Вакцинация алғандардың 95%-ы сенімді иммунитетпен қамтамасыз етіледі .Вакцинация-вирусты алдын алудың ең тиімді әдісі. Вакцинацияның тиімділігі өте жоғары!