Ұнды фортификациялау дегеніміз – ұнды адам ағзасына қажетті дәрумендермен және минералдармен байыту. Фортификация-дегеніміз не? Ол ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды (премикс деп аталатын витаминді – минералды кешен) қосу процесі.
Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процессі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм темір, мырыш қоспалары, фолий қышқылы мен В-тобының дәрумендері қосылады. Фортификацияланған ұнның сақтау мерзімі — 6 ай.
Адамның денсаулығына қауіпі бар проблемалардың бірі — ол ас үлесіндегі темір мен фолий қышқылы сияқты дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі болады.Анемияға әкеп соғады.Анемиясы бар әйелдер аз салмақтағы балаларды жиірек босанады, барлық жүрек-қан тамыр, иммундық, эндокриндік, жүйке және басқа ағза мен жүйелер функциялары бұзылады, шала тууға, күтпеген түсік пен өлі тууға, нәрестенің дамуындағы туа біткен ақаулығы бас миының жоқтығы, ми жарығының пайда болуы т.б. әкеп соғады. Тамақ рационында анемия, фоли қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларына, ана мен бала өліміне себеп болады.
Құрметті тұтынушылар өздеріңізде және жақындарыңызда теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темірмен және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды таңдаңыз. Дендеріңіз сау болсын!